Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 284)

Тұлғаны тану

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және ұлттық руханият» тақырыбында республикалық онлайн-конференция өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтау, Ақтөбе қалаларынан белгілі филологтар, абайтанушы ғалымдар мен оқытушылар қатысты. Шараның мақсаты —  Абайдың рухына тағзым ету, ұлы ақын шығармаларының руханиятымыздағы құндылығын, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлін, жаңаша ғылыми зерттеулердің

Көбірек

Көңіл айтамыз

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға, қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың ұлы Асқар Жұбанов дүниеден озды. Лингвистика ғылымында өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған ғалым, өзіндік мектеп қалыптастырған қазақтың біртуар азаматы келмес сапарға аттанды. Біртоға, қоңыр мінезді Асқар ағамыздың үлкен - кішіге құрметі ерекше еді. Бойындағы өнері бір төбе.

Көбірек

Оннан астам тілде еркін сөйлеген Құдайберген Жұбанов

Отызыншы жылдардың қуғын-сүргін зұлматы жаңа ғана дамып келе жатқан қазақстандық ғылымды аяусыз тұншықтырып бақты. Қазақтың небір саңлақтары сұм саясаттың құрбанына айналды. Көбі қамал бұзар қырығында айдаудың зорлық-зомбылығын бастан кешті. Солардың бірі, 85 жылдық тарихы бар Батыс өңірдегі ірі білім ордасы атын иеленген – Құдайберген Жұбанов.  Қазақстың тұңғыш лингвист-ғалымы, түркітанушы, профессор Қ. Жұбанов бұрынғы

Көбірек

Тағылымды тарих – жарқын болашақ бастауы

Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын оқу орны. Сексен бес жылдық тарихында талай тағдырлы кезеңдердің, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің куәсі болды. Бүгінде халықаралық байланыстары нығайған университет әлемдік білім кеңістігінен өз орнын айқындап, еліміздегі

Көбірек

ҰБТ: қауіпсіздік және ерекшеліктер

Біздің облыста ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 21-і мен 4 шілде аралығында өтеді. Індеттен сақтану мақсатында тапсырушылардың санына байланысты аудандарда тестілеу 2-3 лектен өткізіледі. Сынақ тапсыруға жалпы 5739 түлек ниет білдіріп отыр. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін аудиториялардан онлайн-трансляция жүргізілетін болады. Бұл пилоттық жобаның арқасында кез келген адам процесті үйде отырып-ақ бақылай алады. Біз

Көбірек

«Болашақ» стипендиясына үміткер іріктеудің жаңа ережесі бекітілді

Жұбанов университеті Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесіп «Болашақ» стипендиясының жаңа ережелерін түсіндіру бойынша онлайн-брифинг ұйымдастырды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы №271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Студенттер мен магистранттарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді

Көбірек

Бітіруші түлектерге онлайн кеңес айтылды

 Жұбанов университетінің  Кәсіби даму және мансап орталығы Нұр-Сұлтан қаласы «Қаржы орталығы» АҚ-ның мониторинг бөлімі маманы Балнұр Туктыбаевамен кездесу ұйымдастырды. Тікелей эфирге декан орынбасарлары, профессор-оқытушылар, бітіруші түлектер мен магистранттар қатысты. Тікелей эфир кезінде жас мамандардың жұмысты өтеу міндеті мәселесі талқыланды. Балнұр Туктыбаева өз кезегінде негізгі нормативтік құжаттарға тоқталды, олар мемлекеттік білім беру

Көбірек

Ғылыми атақ берілді

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 164 бұйрығына сәйкес 05.16.00 - Металлургия мамандығы бойынша Бауыржан Келамановқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Көбірек

Атымтай жомарттарға құрмет

Қазақта ар жағы аңыздан басталатын Атымтай Жомарттан бастап, берісі Мекке мен Мәдинаға қазақтар үшін қонақ үй салдырған арғын Құнанбай мен керей Аңдамас бай, Жетісуда қазақтың қаракөз бүлдіршіндерін оқыту үшін мектеп салдырған Маман бай сияқты, Ақтөбе өңірінде де ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, қайырымдылық жасап жүрген атымтай жомарттар аз емес. Мейірімі мен

Көбірек