Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 29)

Университет ректоры тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты жүлдегерлерін құттықтады

Жақында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан тұңғыш рет өткізілген Әлем чемпионатынан ақтөбелік оқушылар жүлделі оралды. Әлем біріншілігінде 17 елден келген 200-ден астам спортшылар арасында Балнұр Тілегенова 2 орынды, Қайрат Тұрарбек 3 орынды иеленген болатын. Бүгін университет ректоры Лаура Қарабасова жүлдемен оралған оқушылармен кездесіп, облыстың мақтанышына айналған жас спортшыларға алғысын білдірді. Ректор тоғызқұмалақ ойыны

Көбірек

Республикалық волейболдан өткен турнирде Жұбанов университетінің командасы жүлделі орынға ие болды

4-8 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінен құралған ерлер құрама командалары арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Турнирге Алматы, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларынан келген құрама командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Жұбанов университетінің командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар университет студенті Диас Әділханов "Үздік қорғаушы" номинациямен марапатталды.

Көбірек

Ұстаздарға көрсетілген құрмет

Ұстаздар күні қарсаңында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология факультетінде мерекелік кеш ұйымдастырылып, бір топ оқытушыға құрмет көрсетілді. Мерекелік шараға «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорының кеңесшісі Сабыржан Мұхтаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының

Көбірек

Жұбанов университетінде Ұстаздар күні жоғары деңгейде аталып өтті

Жұбанов университетінде жыл сайын Ұстаздар күнінде ардагер ұстаздарға, профессор-оқытушыларға және қызметкерлерге көрсетілетін сый-құрмет жоғары. Бұл дәстүр биылда жалғасын тапты. Мерекелік кеште университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлеріне облыс әкімінің, «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық ұйымының, ректордың алғыс хаттары, сонымен қатар универсиадада жеңімпаз атанған спортшылардың жаттықтырушыларына марапаттар табысталды. Жиында университет ректоры Лаура Қарабасова ардагерлерді,

Көбірек

Азия ойындарында Жұбанов университетінің түлегі алтын медаль жеңіп алды

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов қарсыластарынан басымдық танытып, Қазақстан құрамасының қоржынына сегізінші алтын медалды әкелді. Спортшы финалда иорданиялық Хассан Масарвехті 8:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Айта кетейік, Нұрқанат Әжіқанов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі. Ол 2022 жылы кәсіби-шығармашылық факультетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша

Көбірек

Жұбанов университетінің 100-ге жуық студенті «Қазақстан халқына» қорының гранты негізінде тегін білім алады

Бүгін Жұбанов университетінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева білім алушылармен кездесті. Кездесуге қаламыздағы төрт жоғары оқу орнының аталған қордың гранты негізінде білім алатын студенттері қатысты. Жиында Ләззат Шыңғысбаева студенттермен кездесіп, кері байланыс орнату маңызды екеніне тоқталды. Бағдарламаның жасақталу тарихы туралы баяндап, грантқа қол жеткізген студенттерге берілген мүмкіндікті пайдалануға,

Көбірек

Педагогикалық қайта даярлау курсы бойынша 45 тыңдаушы білім алуда

Жұбанов университетінде Пост-дипломды педагогикалық білім беру – сертификациялық қайта даярлау курсы бойынша оқыту басталды. 2023-2024 оқу жылында 45 тыңдаушы қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, математика, информатика, тарих, биология білім беру беру бағдарламалары бойынша күндізгі нысанда педагогикалық қайта даярлау курсында білім алуда. Педагогикалық қайта даярлау курсының биылғы жылғы ерекшелігі

Көбірек

Университеттің кіші қызметкерлері марапатталды

Еңбек күніне орай бүгін Жұбанов университетінің басшылығы бірқатар кіші қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев құттықтау сөз сөйлеп, оқу орнының тазалығының сақталуында, қызметкерлердің қолайлы ортада жұмыс жасап, студенттердің алаңсыз білім алуында кіші қызметкерлердің еңбегі ерекше екенін атап өтті. Өз кезегінде марапат иелері басшылық тарапынан танытылып жатқан

Көбірек

Ханчжоудағы Азия ойындарында Жұбанов университетінің спортшысы бақ сынайды

2023 жылғы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына аттанған Қазақстан құрамасының құрамында Жұбанов университетінің оқытушысы Константин Миляев те бар. Константин Миляев Азия ойындарында ерлер командасы құрамында гандболдан бақ сынайтын болады. Айта кетейік, университет спортшысы гандболдан Қазақстан Республикасының «Спорт шебері». Жазғы Азия ойындарына Азияның 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

Көбірек