Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 3)

Қытайда тілдік тағылымдамадан өтеді

Бүгін Жұбанов университетіндегі Конфуций институты тарапынан ұйымдастырылған емтихан іріктеуінен өткен 20-ға жуық қызметкер мен студенттерге көктемгі тілдік лагерь мәдени шарасына қатысуға жолдама берілді. Олар сәуір айының 14-27 аралығында ҚХР Үрімші және Ухань қалаларында өткізілетін «Көктемгі тілдік лагерь» бағдарламасына қатысады. Қатысушылар қысқа мерзімде қытай тілін меңгеру деңгейін арттырып қана қоймай, Қытайдың тарихи-мәдени

Көбірек

Шетелдік талапкерлер назарына!

Жұбанов университетінің қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау бойынша онлайн кеңес беру және әңгімелесу жүргізетінін хабарлаймыз. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ студенттерге білім гранты тағайындалады. Бағдарлама студенттерді тегін оқумен және студенттің оқу үлгеріміне қарай ай сайынғы шәкіртақымен

Көбірек

Жұбанов университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі конференциясы өтті

Дипломатиялық ойын форматында өткен конференцияны Zhubanov University және Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Аталмыш конференция университет базасында төртінші рет өткізіліп отыр. Дипломатиялық конференцияға 80-нен астам білім алушылар қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе, Орал қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтөбе Білім-инновация лицейі, Ақбөбек халықаралық мектебі, мектеп-гимназиялар және жалпы білім беретін мектеп оқушылары және

Көбірек

Аппараттық жиын өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Басқарма Төрағасы-Ректордың аппараттық жұмыс жиыны өтті. Жиынға басқарма мүшелері, факультет декандары, құрылым басшылары және кафедра меңгерушілері қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова алдымен оқу орнындағы кадрлық өзгеріске тоқталып, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор лауазымына тағайындалған Еркін Тастанқұловқа жаңа қызмет жолында сәттілік тіледі. Айта кетейік, Еркін Тастанқұлов бұған дейін университеттің

Көбірек

Университет жатақханаларында қауіпсіздік шаралары пысықталды

Жұбанов университетінің жатақханаларында өрт қауіпсіздігі және террористік шабуыл қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу шаралары өтті. Оқу орнының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі және Қауіпсіздік қызметі мамандары жатақхана ғимараттарынан студенттер пен қызметкерлерді эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізіп, өрт туындаған жағдайда немесе террористік шабуылдар қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме сабақтар жүргізді. Университеттің азаматтық

Көбірек

Үздік математиктер сайысы

Бүгін Жұбанов университетінде ғылым айы аясында Батыс өңіріндегі жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Математикалық тартыс» сайысы басталды. Сайыста Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті және Жұбанов университетінің «Математика» білім бағдарламасының студенттерінен құралған командалар өзара бақ сынайды. Екі күнге созылатын сайыс барысында командалардың

Көбірек

«Орхун» алмасу бағдарламасы бойынша оқуға немесе ғылыми зерттеуге өтінім қабылдау басталды

«Орхун» - ол Түркі университеттері одағына мүше университеттер арасында студенттер мен оқытушылар құрамы алмасуды көздейтін академиялық алмасу бағдарламасы. «Орхун» алмасу бағдарламасына қатысты қосымша ақпарат алу үшін http://www.turkunib.org/en/orhun сайтына кіріңіз. Құжаттарды қабылдау күнтізбесі: Білім алушылар мен оқытушылар құрамы  арасында бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыру және жоғары оқу орындарында өтініштерді қабылдау 29.03.2024 – 30.04.2024 Келіп түскен өтініштерді

Көбірек

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжат қабылдау басталды

Халықаралық ынтымақтастық департаменті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығына мемлекеттік грант бойынша оқитын 2,3 курс (бакалавриат) және магистратура (2-3 семестр) білім алушыларына университет есебінен (бюджеттен тыс) оқуға құжаттарды жинау басталғанын хабарлаймыз. Оқу үлгерімі GPA 3.33-тен төмен болмауы тиіс. Толығырақ ақпараттық хат

Көбірек

«Zhubanov-2024» ғылым айының ашылуы өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ғылым айы басталды. Оқу орнында 2-30 сәуір аралығында 50-ге жуық маңызды ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Университет ректоры Лаура Қарабасова биылғы жыл ерекше оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. 2024 жыл айтулы даталармен сәйкес келіп отыр. Қазақ Ғылым Академиясының негізін салушы Қаныш Сәтбаевқа және университетіміз есімін

Көбірек