Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Білім (Страница 3)

Оқушылар болашақтың жобаларын таныстырды

Бүгін Жұбанов университетінде100-ге жуық талантты оқушылар бас қосты. Олардың арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің, қаланың жалпы орта мектептерінің, сонымен қатар Мәртөк, Хромтау, Алға және Темір аудандарынан келген оқушылар болды. Қатысушылар «Ғылым айы» аясында ұйымдастырылған «Өңірді дамыту драйверлері» ғылыми және кәсіпкерлік байқауында өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Байқау бес бағытта, атап айтсақ, өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу

Көбірек

«Болашақ» түлектері өз тәжірибесімен бөлісті

Бүгін Жұбанов университетінде «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қатысуымен Ted talks форматында кездесу өтті. Спикерлер ағылшын тілі мұғалімі Айғаным Сұлтанова, «Ақбөбек» халықаралық мектебінің мектепті дамыту және сыртқы байланыстар жөніндегі директор орынбасары Зульфия Урумбасарова, университет оқытушыларынан PhD Әсел Жаким және педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абылай Каринов өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттерге шет

Көбірек

Университет студенті Республикалық пәндік олимпиадада бірінші орынды иеленді

Еліміздің жоғары оқу орындарының «Физика мұғалімдерін даярлау» мамандығында оқитын студенттері арасында өткізілген XV Республикалық пәндік олимпиадада университет студенті Ыбырай Нұрбол бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ аталған додада университет командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Студенттерге «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жігер Убаев жетекшілік етті. Айта кетейік, олимпиада Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында ұйымдастырылды. Жеңімпаз

Көбірек

Студенттер мен оқушылар жаһандық тақырыптарды талқылады

Жұбанов университеті базасында Біріккен ұлттар ұйымы моделінің үшінші конференциясы өтті. Дипломатиялық ойын форматында өткен конференцияны Жұбанов университеті  және Ақтөбе қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің AKX Mun Club көшбасшылары ұйымдастырды. Конференция барысында қатысушылар «Климаттың өзгеру жағдайындағы инфрақұрылымды дамыту», «Соғыс кезінде маңызды инфрақұрылымды сақтау» тақырыптары бойынша жаһандық мәселелерді талқылады.  Іс-шараға қала мектептері мен университеттен

Көбірек

«Zhubanov Олимпиадасы»: білімді жастарға берілген мүмкіндік

Жұбанов университетінде 11 сынып оқушыларына арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өткізілді. Олимпиадаға Қызылорда, Тараз, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды және Ақтөбе қалалары мен аудандарынан 2000-ға жуық оқушылар қатысты. Олимпиадаға қатысушылар физика-математика, математика-информатика, биология-география, химия-биология, география-дүниежүзі тарихы, география-шетел тілі, математика-география, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері, қазақ тілі-қазақ әдебиеті,орыс тілі-орыс әдебиеті,шетел тілі-дүниежүзі

Көбірек

Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасы ұлықталды

Бүгін Жұбанов университетінде Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған  «М.Жұмабаевтың педагогикалық мұралары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Нигерия, Сербия, Ресей, Беларусь елдерінен және Қазақстанның бірқатар қалаларынан жоғары оқу орындарының ғалымдары, жас зерттеушілер және білім алушылар, қаладағы мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері

Көбірек

Студенттер емтиханды хакатон түрінде тапсырды

Болашақ программистердің қорытынды емтиханы ерекше форматта өтті. Бүгін Жұбанов университетінің Инновациялық технологиялар паркі базасында Samsung Innovation Campus бағдарламасы бойынша хакатон өткізілді. Жалпы, хакатон - бұл программистер, менеджерлер мен дизайнерлер белгілі бір мәселені шешетін бәсекелік іс-шара. Мысалы, команда қысқа уақыт ішінде белгілі бір өнімнің прототипін жасауы керек. Ол веб-қызмет немесе тұтынушы компаниясына

Көбірек

Жұбанов университетінде мұнайшы-студенттерге арналған олимпиада өтті

Society of Petroleum Engineers студенттер қауымдастығы болашақ мұнайшылар үшін "Petrobawl" қалалық олимпиадасын ұйымдастырды. Зияткерлік жарыс Жұбанов университетінің базасында өткізілді. Жарысқа қаладағы мұнай-газ саласы бойынша мамандар даярлайтын жоғары және орта-арнаулы оқу орындарынан 5 команда қатысты. Қазылар алқасы ретінде шетелдік компанияларда жұмыс істейтін мұнай саласының жетекші мамандары, сондай-ақ Жұбанов университеті мен Бәйішев университетінің өкілдері

Көбірек

Емтихан тапсырып, Heriot-Watt-қа түсіңіз!

Университетте 29-30 сәуір аралығында Шотландияның Heriot-Watt университетіне оқуға түскісі келетін мектеп оқушылары үшін ағылшын тілі емтиханы өтеді. Айта кетейік, Heriot-Watt университетінің өкілдері Ақтөбеге келіп, ағылшын тілі емтиханын өздері қабылдайтын болады. Бұл IELTS сертификаты жоқ немесе тестілеу нәтижелерінің мерзімі біткен оқушылар үшін арнайы IELTS форматында өткізіледі. Тілдік емтиханға тіркелу өте оңай. Ол үшін

Көбірек