Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > 2017 > Август (Страница 3)

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-мен бірге Белоруссия мемлекетінде білім алу

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ және Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно қаласы, Беларусь Республикасы) халықаралық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университеті әлемдік білім беру кеңістігінде инновациялық университет ретінде танымал болып келеді. Ынтымақтастық шеңберінде студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын, бірлескен білім беру бағдарламалары және ғылыми-зерттеу

Көбірек

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің 5 студенті Витаутас Магнус Университетіне жолдама алды

Бірлескен халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша математика, физика, экология, химия мамандықтары бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің 5 студенті серіктес шетелдік жоғары оқу орнының шақыруымен бірінші жарты жылдық оқуға Витаутас Магнус Университетіне жолдама алды. Витаутас Магнус университеті бұл, Литвада ғана емес, әлемдік ауқымда қазіргі заманғы стандарттарға жауап беретін

Көбірек

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің «Студенттер үйі»

Университетіміздің жатақханасы жаңа оқу жылына студенттерді қабылдауға дайын. Білім алуға және бос уақытты тиімді пайдалануға студенттер үйінде интернет кабинеті, оқу залы, демалыс бөлмесі бар. Студенттер үйіне жаңарту, жөндеу жұмыстары өз кезегінде жүргізілген. Жатақханаға орналасу үшін құжаттарды 25-тамыздан бастап қабылдайды. Студенттер үйіне қабылдауға қажетті құжаттар: Университет ректорының атына өтініш; Жеке куәлігіңіздің көшірмесі (3 дана);

Көбірек

Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінен Калифорния Риверсайд Университетіне жолдама

Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті мен Калифорния Риверсайд Университеті арасында жасалған келісімшарт негізінде Колифорния Риверсайд университетіне оқытушылар құрамы «Болашақ» бағдарламасы арқылы тілдік курстарға/тағылымдамаға қатыса алады. Осыған орай «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына төмендегі  мамандықтар бойынша қатысуға болады: Мұражай ісі Биотехнология Кітапхана ісі Педагогика Болашақ бағдарламасы бойынша үміткерлер Халықаралық ынтымақтастық орталығы, халықаралық бағдарламалар

Көбірек

«Ақ бидай – 2017» спорт сайысындағы жеңісіміз

Елбасы ұлттың денсаулығын нығайтудың, бәсекеге қабілетті болудың бір жолы- спорт екенін үнемі айтып келеді. Біздің оқу ордамызда да спорттың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Жыл сайын факультетіміздің спортшылары спорттық ойындардан жүлдемен оралып жүр. 2017 жылдың 16-17 тамызында Алға ауданында өткен «Ақ бидай- 2017» ауыл спорты ойындарына қатысқан факультетіміздің аға оқытушысы

Көбірек

Байқау кеңесі мүшелеріне арналған оқыту семинары

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де Білім және ғылым министрлігінің жобасы аясында байқау кеңесі мүшелеріне арналған оқыту семинары өтуде. Мемлекеттік ЖОО-дар коммерциялық емес акционерлік ұйымға ауысатындықтан байқау кеңесінің өкілеттігі кеңейеді деп күтілуде. Осы орайда министрлік кеңес мүшелерінің кәсіби даярлау жұмысын бастап кетті. Семинарды тәжірибелі профессор,  «Семантика ЛТД» консалтингтік компаниясының директоры, Ұлыбританияда, Санкт-Петербург жоғарғы оқу орындарында

Көбірек

«Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Түркия жоғары білім кеңесі тарапынан қаржыландырылған Түркия Республикасының Бандырма 17 Эйлюль университеті арасында «Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасына қол қойылды. «Мәулана» академиялық алмасу бағдарламасы университеттің студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлық бойынша алмасуын қарастырады.

Көбірек

Риверсайд Калифорния университеті жақындай түсті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың беделді жоғарғы оқу орындарының бірі Риверсайд Калифорния унверситеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде университетіміздің студенттері мен оқытушылары Риверсайд Колифорния университетіне академиялық тілдік курстарға, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, тағылымдамаға және академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алуға мүмкіндік алады.

Көбірек

Мәскеуден келген қонақтар

Ақтөбе қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті география факультетінің студенттері ғылыми-тәжірибелік практикадан өтті 2017 жылдың 13-16 тамыз айының аралығында Ақтөбе қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті география факультетінің «Экономикалық география» мамандығының студенттер тобы ғылыми-тәжірибелік практикадан (экспедиция) өтті. Практика жетекшісі – Ресей экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты А.И.Даньшин. Практиканың

Көбірек