Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > 2019 > Июнь (Страница 3)

Талапкер — 2019

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті талапкерлерден құжат қабылдауды бастады. Былтыр бес мың мектеп түлегі білім ордасына түсуге өтініш білдірген. Биыл талапкерлердің санын 6000-ға жеткізу жоспарда бар,-дейді қабылдау комиссиясының өкілдері. Қабылдау комиссиясының алдына құжаттарын алып бүгін Аңсат Бергенов те келді. Талапкер бала кезінен қазақ әдебиетіне құмар болып өскен. Фиология мамандығын таңдап отыр. 

Көбірек

Қабылдау комиссиясы есігін айқара ашты

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 85 жылға жуық тарихы бар, Батыс Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Жұбанов университетінің  Қабылдау комиссиясы ресми жұмысын бастап, талапкерлерге есігін айқара ашты. Жұбанов университетінің болашақ студенттері қабылдау комиссиясының жұмысының алғашқы күнінен бастап ақпараттар алу үшін, сондай-ақ талап етілетін мамандықтарға құжаттар тапсыруға асықты. Қабылдау комииссиясының салтанатты

Көбірек

Диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы

Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы, үкілеген үміті. Қазіргі таңда Жұбанов университетінің физика-математика факультетін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде. Игілікті шара университеттің Студенттер сарайында өтті.  Оған университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар және қала әкімі Ильяс Испанов арнайы қатысты.  Қалай десек те, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат

Көбірек

Университет институционалды аккредиттелді

2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде өткен Аккредиттеу Кеңесі университетімізді максималды мерзімге, 7 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады. Ағымдағы жылдың 14-16 мамыр аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан институционалды аккредиттеу рәсімі жүргізілген болатын. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

Көбірек

Жұбановтан — Абайға

Жолсапар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбановтан — Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылып, Ақтөбе — Нұр-Сұлтан —Павлодар — Семей — Жидебай — Баянауыл — Қарқаралы — Қарағанды бағытындағы киелі жерлерде болып қайтты. Аталған шара Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Айта кетейік, 1995

Көбірек

Жұбанов университеті: Бүгіні мен ертеңі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті қазіргі кезде заман талабына сай бәсекеге қабілетті мықты мамандар дайындау барысында отандық білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып жүрген танымал жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында. Осы орайда университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембековпен арнайы әңгімелесіп, беделді жоғары оқу орнының бүгіні мен ертеңі

Көбірек

Суретшілердің дипломдық жұмыстары Ұлы даланың жеті қырына арналды

Жұбанов университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітіруші түлектердің  дипломдық жұмыстары «Ұлы даланың жеті қыры», «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы» сынды тақырыптар бойынша дайындалды. Сондай-ақ, олардың арасында тарихи, психологиялық тақырыптарды арқау еткен жұмыстар да бар. «Тарихи тақырыпқа картина жазу өте күрделі, ауқымды жұмыс. Біздің түлектер суреттерді бейнелемес бұрын алдымен таңдалған тақырыпты зерттейді.

Көбірек