Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы (Страница 42)

Саяттың сыйы — Әлем кубогы

Ақтөбелік жастар кикбокстен  Будапештте өткен Әлем кубогында топ жарды.  Спорттың бұл түрінен 71 келі салмақта өнер көрсеткен Саят Күншашов әлем кубогын алса, ауыр салмақта сынға түскен Әділет Алдабергенов 2-орынды жеңіп алды. Әлемнің 46 елінен жиналған спортшылар арасында жеңіске жеткен жерлестеріміз бұған дейін де өз салмақтарының чемпиондары болып келген болатын. Екеуі де

Көбірек

І орын — Аяулым мен Гүлсімайда

Сейсенбі күні Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тіл фестивалі аясында қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай оқулары» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өтті. Байқауға қатысу үшін жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары өтініш білдірген. Іріктеу кезеңі бойынша

Көбірек

Ізгілікке ұмтылғандар

Облыстық жастар ресурстық орталығының мәліметінше, облыс көлемінде 161 волонтерлік топ жұмыс жасайды. Бұл топтарда 5000-ға жуық ерікті бар. Оның 63 пайызы — әйел, 37 пайызы — ер адамдар. Топтардың әрқайсысының өзінің атқаратын міндеттері мен бағыттары айқындалған. Мәселен, бірі қайырымдылық бағыттарымен айналысса, тағы бірі полиция қызметкерлеріне, басқасы экологтарға көмектеседі. Еріктілер қатары көбейіп келеді Қатарына

Көбірек

Тарихтағы ақтаңдақтар әлі ашылған жоқ

Өткен жұма күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың төрағалығымен ұйымдастырылған басқосуда бірқатар мәселелер қаралды. Аталған шараға өңірлік комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ облыстық полиция департаменті, мемлекеттік архив, тарихи-өлкетану музейінің өкілдері қатысты. Қазіргі таңда жұмыс тобының мүшелері барлығы 9 бағыт

Көбірек

Бақыт Басығараевқа арналған кабинет ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде күйші, композитор Бақыт Басығараевқа арналған кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова бастаған мәдениет саласының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, күйшінің ұрпақтары қатысты. Шарада алдымен университеттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұржан Бердібаев сөз сөйлеп, күйшіге арнап кабинеттің ашылуы оған деген құрметтің белгісі

Көбірек

Жаңа кабинет ашылды

Құдайберген Жұбанов атындағы университетте белгілі күйші Бақыт Басығараев атындағы кабинет ашылды. Шараға университет басшылығы, оқытушылар, студенттер, зиялы қауым өкілдері мен марқұмның туыстары қатысты. Кабинеттің лентасын баласы Ерсайын Бақытұлы қиды. Шарада Қазанғаптың күйлері орындалып, облыстық айтыстардың жеңімпазы арнау айтты.

Көбірек

Білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар —  ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді талқылау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кездесу өтті. Іс-шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров, басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Константин Цхай,

Көбірек

Нұрқанат Әжіқанов бірінші ТМД елдері ойындарының чемпионы болды

  Нұрқанат Әжіқанов ТМД елдері ойындарының чемпионы атанды. Каратэшіні жақындары әуежайдан күтіп алып, сый - құрметін көрсетті. Токио Олимпиадасында жақсы өнер көрсеткен Нұрқанат бабында екенін дәлелдеп, 10 мемлекеттің үздіктері бас қосқан жарыста алтын медальді жеңді. 75 келіде татамиге шыққан спортшымыз үш кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдықпен ұтты.

Көбірек