Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 50)

Министр Саясат Нұрбек ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Құрметті әріптестер, қадірлі достар! Бүгін біздің кәсіби мерекеміз – Ғылым қызметкерлері күні. Осыған орай барша ғалымдар мен зерттеушілеріміздің дүниені тануға деген ұмтылысын, олардың зияткерлік күш-қуатын, ғылыми жаңалық ашудағы үлесін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның ғылыми қауымдастығы – қисыны қиын ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, зерттеу саласының жарқын бағытын айқындатын шабыт пен жаңашылдықтың қайнар

Көбірек

Бүгін Қазақстандағы ғылым саласы қызметкерлерінің күні

2011 жылы елімізде Президенттің жарлығымен 12 сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» ретінде бекітілді. 2012 жылдан бастап бұл дата жыл сайын ғылым саласы қызметкерлерінің төл мерекесі ретінде аталып келеді. Сонымен қатар бұл күн қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні. Қазіргі таңда ғылым адамзат тіршілігінің барлық

Көбірек

Доктор Дэвид Марш онлайн-қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің оқытушылары мен білім алушыларына доктор Дэвид Марш "Табиғи тілдегі жасанды интеллект процессорлары (ChatGPT) арқылы университеттерде оқытудың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктері" тақырыбында онлайн-қонақ дәрісін өткізді. Дэвид Марш - Ұлыбританияның Корольдік өнер қоғамының, EduCluster Finland Консультативтік кеңесінің және Ювяскюля университеті тобының мүшесі, сондай-ақ Финляндияның MED директоры. Ол 25 жыл бойы Финляндияда білім

Көбірек

Студенттер емтиханды хакатон түрінде тапсырды

Болашақ программистердің қорытынды емтиханы ерекше форматта өтті. Бүгін Жұбанов университетінің Инновациялық технологиялар паркі базасында Samsung Innovation Campus бағдарламасы бойынша хакатон өткізілді. Жалпы, хакатон - бұл программистер, менеджерлер мен дизайнерлер белгілі бір мәселені шешетін бәсекелік іс-шара. Мысалы, команда қысқа уақыт ішінде белгілі бір өнімнің прототипін жасауы керек. Ол веб-қызмет немесе тұтынушы компаниясына

Көбірек

Жұбанов университетінде мұнайшы-студенттерге арналған олимпиада өтті

Society of Petroleum Engineers студенттер қауымдастығы болашақ мұнайшылар үшін "Petrobawl" қалалық олимпиадасын ұйымдастырды. Зияткерлік жарыс Жұбанов университетінің базасында өткізілді. Жарысқа қаладағы мұнай-газ саласы бойынша мамандар даярлайтын жоғары және орта-арнаулы оқу орындарынан 5 команда қатысты. Қазылар алқасы ретінде шетелдік компанияларда жұмыс істейтін мұнай саласының жетекші мамандары, сондай-ақ Жұбанов университеті мен Бәйішев университетінің өкілдері

Көбірек

Экологиялық акция басталды

Кеше екі айлық сенбілік жұмыстарына сәйкес облыстық жастар ресурстық орталығы «Таза қала — болашақ кепілі» атты экологиялық акция ұйымдастырды. Оған өңіріміздегі жоғары оқу орындарының студенттері, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған экологиялық акцияға 100-ден астам ерікті жас жұмылдырылды. — Сенбілікке қала жастары белсенді қатысып

Көбірек

Әлемнің 19 елінің 77 оқу орнымен тығыз байланыс орнатқан университет

12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті — еліміздің батыс аймағындағы іргелі оқу орны. Университет ғалымдары жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, Ақтөбе өңірінің экологиялық мәселелесін шешуге, металлургия, медицина салаларын дамытуға үлкен үлес қосып жатыр. Университетте академиялық артықшылықтар орталығын ашу жоспарланып отыр. Осы орталықтың арқасында университетте 6 зертхана

Көбірек

Емтихан тапсырып, Heriot-Watt-қа түсіңіз!

Университетте 29-30 сәуір аралығында Шотландияның Heriot-Watt университетіне оқуға түскісі келетін мектеп оқушылары үшін ағылшын тілі емтиханы өтеді. Айта кетейік, Heriot-Watt университетінің өкілдері Ақтөбеге келіп, ағылшын тілі емтиханын өздері қабылдайтын болады. Бұл IELTS сертификаты жоқ немесе тестілеу нәтижелерінің мерзімі біткен оқушылар үшін арнайы IELTS форматында өткізіледі. Тілдік емтиханға тіркелу өте оңай. Ол үшін

Көбірек

Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Жұбанов университетінде Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалы филиалы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда. Бүгіннен бастап кәсіби бағдар беру тобы Түркістан, Шымкент, Тараз өңірлерінде 70-ке жуық мектептерді аралап, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізеді. Кездесу барысында мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріліп, Ұлыбританияның Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі филиалына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсу мүмкіндіктері, қажетті

Көбірек