Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Ғылым мен инновациялар (Страница 6)

Университет ғалымы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша грант ұтып алды

Университетімізде тұңғыш рет бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру грантын физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әмірбек Бекешев ұтып алды. Ғалымның «Қасиеттері жақсартылған эпоксидті нанокомпозиттерді құрудың ғылыми-технологиялық негіздерін жасақтау» тақырыбындағы жобасы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған байқау бойынша ҰҒК шешімімен 2022-2024 қаржыландыруға мақұлданды. Бағдарламаның мақсаты - жақсартылған физика-химиялық (жылуға төзімділік, термотөзімділігі және жанғыштығы төмендетілген) және механикалық

Көбірек

Гранттық жобалар қатары толықты

Математика кафедрасының аға оқытушысы Мейрамбек Мұқаштың "Бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешу әдістері" тақырыбындағы  жобасы  «Жас ғалым» конкурсы бойынша ҰҒК шешімімен  2022-2024 қаржыландыруға мақұлданды. Жобаның мақсаты  - бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульс әсері бар дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептердің шешілімділік шарттарын орнату, шеттік есептердің шешімін табудың

Көбірек

Гузель Абилованың жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

Жұбанов университетінің химия және химиялық технология кафедрасының доценті, PhD Гузель Абилованың ғылыми жобасы 2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" конкурсында гранттық қаржыландыруға ие болды. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі-28 ай. " Жергілікті дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған функционалды биополимерлер негізінде пленкалы дәрілік формалар" тақырыбындағы жобаның негізгі идеясы мукоадгезивті пленкалар түріндегі жаңа дәрілік формаларды жасауға бағытталған. Алынған

Көбірек

Батыр есімі ұлықталды

Бүгін Жұбанов университетінде Есет Көкіұлының 355 жылдығына арналған «ХVІІ-ХVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастарындағы Есет Көкіұлының тарихи рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, тарихшы ғалымдар мен студенттер қатысты. Конференцияда еліміздің түкпір-түкпірінен келген зиялы қауым өкілдері Есет батырдың 355 жылдығына арналған іс-шараға орай өз ойлары мен ұсыныстарын айтып,

Көбірек

Алмат тамына зерттеу жұмыстарын жүргізді

Жақында Жұбанов университетінің тарихшы ғалымы Рахым Бекназаров пен архитектура профессоры, белгілі сәулетші Ләйля Тұрғанбаева Ырғыз ауданындағы атақты Алмат тамына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Алмат тамы 19 ғасырдың аяғында салынған сәулет өнері ескерткіші. Ырғыз ауданының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. Жұмыс барысы туралы Рахым Бекназаров: «Алмат тамы реставрациялық жұмыстарға іліккен болатын. Сол ескерткіште

Көбірек

Маржан Ахметованың жобасы қаржыландыруға ие болды

Жұбанов университетінің физика кафедрасының оқытушысы Маржан Ахметованың жобасын Ұлттық ғылыми кеңес "Жас ғалым" байқауы (Постдокторантура) шеңберінде 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландыру үшін мақұлдады. Жоба тақырыбы «Нанотолтырғыштарын қоса отырып, поли(2-этил-2-оксазолиндер) қоспалары негізінде композиттік материалдар жасау» деп аталады. Биодеградация қабілетіне және тек өзіне тән қасиеттер кешеніне байланысты композициялық полимерлерге деген қажеттіліктің артуына байланысты зерттеу жұмысы

Көбірек

Айжан Тілептің баяндамасы «Ең үздік» деп танылды

Жұбанов университетінің физика мамандығының 1-курс докторанты Айжан Тілептің баяндамасы Серб Республикасының Белград қаласында өтіп жатқан ICOM (The 6th International Conference on the Physics of Optical Materials) конференциясына ең үздік деп танылды. Конференцияда АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Польша, Жапония т.б елдерден келген ғалымдар баяндама жасады. Олардың қызықты әрі өзекті болуына қараған ұйымдастырушылар Айжан

Көбірек

Нұргүл Құлтанбаеваға философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі берілді

Жұбанов университеті ғалымдарының қатары тағы бір ғылым докторымен толықты. Филология факультетінің аға оқытушысы Нұргүл Құлтанбаеваға «Филология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесі берілді. Университет ректоры Лаура Қарабасова ғалымды құттықтап, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. Нұргүл Құлтанбаева – университетімізде «Филология» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысын қорғаған алғашқы докторанттардың бірі. Ол қазақ, орыс және араб тілдері

Көбірек

«Ақтөберентген» кәсіпорнымен ынтымақтастық орнады

Бүгін университетке «СҚ-Фармация» компаниясы мен «Ақтөберентген» кәсіпорнының басшылығы келді. Инновациялық технологиялар паркінде болып, ғылыми-зерттеу орталықтардың жұмысымен танысты. Қонақтар технопарктегі «IT кабинеті», «Полимерлі композиттік материалдар», «Көлік ағымын зерттеу және басқару», «Робототехника жүйелері», «Компьютерлік желілер», «3D моделдеуге оқыту» және тағы да басқа зертханаларды аралады. Айта кететіні, 2017 жылы ашылған Инновациялық технологиялар паркінің құрамына ғылыми-зерттеу орталығы,

Көбірек