Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 62)

Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді, Ақтөбе облысы әкімдігі хабарлайды. Бүгін ол Ақтөбе өңірлік университетінде болып, ғылыми кеңес мүшелерімен кездесіп, жоғары оқу орнының студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамына дәріс оқыды. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов министрмен кездесу барысында өңірде сұранысқа ие кадрларды даярлау, ғылымды дамытуға қатысты

Көбірек

Магистранттар мен PhD докторанттарды даярлауға арналған гранттардың құны ұлғаяды

Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың грантқа ұлғаяды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.  Магистранттар мен PhD докторанттарды даярлауға арналған гранттардың құны ұлғайтылатын болады. 5 мың грантқа ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік

Көбірек

Шотландия университетінің филиалы Ақтөбеде алғашқы 300 студентті қабылдайды

Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы университеттің базасында шетелдік Heriot-Watt техникалық университетінің филиалы ашылады. Биыл оған грант негізінде 300 студент қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылы экономика сұранысына сәйкес жоғары білім беру жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен Heriot-Watt университетінің ректоры Марк Биггс арасында Қ.Жұбанов

Көбірек

Өңірдегі ғылымды дамыту: үшжақты меморандумға қол қойылды

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының қатысуымен өткен жиында Ақтөбе облысы әкімі Ералы Тоғжанов, Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Ақтөбе облысындағы өндіріс мекемелерінің басшылары өңірдегі ғылымды дамыту бойынша үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты - білім беру, ғылым және технологияларды дамыту саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік

Көбірек

Министр Жұбанов университетінде дәріс оқыды

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы Жұбанов университетінде жоғары білімді дамытуға арналған дәріс оқыды. Дәрісті университет ректоры Лаура Қарабасова бастаған университет ұжымы және студенттер тыңдады. Ведомство басшысы еліміздің аймақтарын аралап, жоғары оқу орындарының ұжымдарымен кездесудегі негізгі мақсат - өңірлердегі университеттердің потенциалын кеңейту екенін атап өтті. - Өткен жылдан бастап

Көбірек

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Жұбанов университетінің Ғылыми кеңес мүшелерімен арнайы кездесті. Кездесуде Саясат Нұрбекұлы әріптестеріне қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығының  зор перспективасы туралы айтып берді. Ведомство басшысы биыл Қазақстанда еліміздің түрлі қалаларында әлемнің жетекші университеттерінің 6 филиалын ашу жоспарланып

Көбірек

Жұбанов университеті ғылыми жаңалықтарға дайын

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбеге сапары аясында Жұбанов университетіне келіп, жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен, кампусымен, бірқатар зерттеу орталықтарының жұмысымен танысты. Ең алдымен ведомство басшысы «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығына барды. Орталықтың жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев зерттеу орталығының тыныс тіршілігімен және ғылыми жетістіктерімен  таныстырды. –

Көбірек

Отандық фармацевтика өндірісінің жұмысымен танысты

Бүгін Жұбанов университетінің өкілдері "Бизнес пен ғылымды интеграциялау" миссиясы аясында дәрі-дәрмек өндіруші «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС фармацевтикалық зауытына  барды. Олардың қатарында университеттің жаратылыстану факультетінің деканы, ғылым және инновациялар департаментінің директоры, коммерцияландыру офисінің басшысы, биология кафедрасының меңгерушісі және ғылыми қайраткерлер бар. Университет өкілдерін зауыт директоры Жаңагүл Төреханова мен директордың сапа ісі жөніндегі орынбасары Бибісара

Көбірек

Жұбанов университетінің еріктілері гуманитарлық көмекке үлес қосты

Жұбанов университетінің студенттері еріктілер қатарында үнемі қайырымдылық шараларының басы-қасында жүреді. Жойқын зілзаладан зардап шеккен Түркия Республикасына Ақтөбе облысынан жіберілген гуманитарлық көмекке Жастар ресурстық орталығымен бірлесе Жұбанов университетінің 50-ге жуық студенттері де атсалысты. Гуманитарлық жүкте аса қажетті жылы киім-кешектер, азық-түлік, балаларға арналған тағамдар, төсек-орын жабдықтары, тұрмыстық және жеке гигиеналық заттар бар. Барлық тауарларды жинау,

Көбірек