Пятница, Март 29, 2024
Басты > 2019 > Июнь (Страница 7)

Аштық қасіреті

Конференция Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде  «КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін: тарихы мен тағылымы» атты  республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда тарих ғылымдарының докторы, профессор Света Смағұлованың  1920-22 жылдардағы қазақ жеріндегі аштық туралы құпия құжаттар негізінде жазылған  «Ашаршылық қасіреті» монографиясы таныстырылды. —  1920-21 жылдары қазақ  жеріндегі бес аймақ халқы ашаршылыққа ұшырады. Басты себебі – қуаңшылық.

Көбірек

Өзекті мәселелер онлайн семинарда талқыланды

Жұбанов университеті мен Назарбаев университетімен серіктестік жоспары аясында Назарбаев университетінің тәжірибесін трансляциялауда «Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде магистранттар мен докторанттарды даярлау саясаты және тәжірибесі» тақырыбында факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің, жоғары оқу орнына кейінгі білім беру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен онлайн семинар өтті. Онлайн семинарды  Назарбаев университеті жоғары білім беру мектебінің

Көбірек

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Бүгін 29 тәулікке созылған айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауым үшін Ораза айт мейрамы басталды. Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі.  Құрметті  әріптестер! Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймыз. Айт мүбәрак болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді,

Көбірек

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік

Көбірек

Жидебайға аттанады

Экспедиция «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Жұбановтан Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция Ақтөбеден Семейге аттанады. Бұл — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен қолға алынып отырған іс. Нақ осы бағыт кезінде оқу орнының 1983-1995 жылдардағы ректоры Мұхтар Арынның ғылыми экспедициясында жоспарланған екен. Сондай-ақ, бұл — алдағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына

Көбірек

«Жұбановтан — Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясы жолға шығады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің делегациясы «Жұбановтан - Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедициясына аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде 1-9 маусым аралығында ғылыми экспедиция жұмысын бастайды. Зерттеушілер Ақтөбе - Нұр-Сұлтан - Павлодар - Семей -

Көбірек

Балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы  алаңында балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің салтанатты шеруі өтті. Барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін республикалық дәстүрлі шеру бір уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Шеру қаладағы "Қазақ xалқына мың алғыс"  стелласы алаңында ұйымдастырылды. Оған

Көбірек

Жұбанов университетіндегі балаларға арналған мереке

Бұл айтулы шараны университеттің Кәсіподақ ұйымы мен педагогика факультеті ұйымдастырды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бастап тойланып келе жатыр, бұл жаздың, демалыстың бірінші күні  педагогика факультетінің белсенді студенттері балалардың бұл мерекені барынша сезінуіне күш-жігерін жұмсады. Дәл осындай мүмкіндік ұсыну ұйымдастырушылар мен демеушілердің басты

Көбірек