Среда, Апрель 24, 2024
Басты > pressa (Страница 75)

Жоғары білім қайтсе қолжетімді болады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов білім құны артқан жағдайда қазақстандықтар үшін жоғары білім қолжетімділігін қалай жасауға болатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы, коммерциялық және мемлекеттік жоғары оқу орындары бар. Комерциялық ЖОО-лар – олар да бәсекелес. Егер олар бағаны тым көтеріп жіберсе, онда студенттер бармайды. Ең алдымен сатып алу қабілетіне қараған

Көбірек

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есе ұлғаяды

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есе ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Студенттердің шәкіртақысын 2025 жылға дейін 2 есе ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар 2025 жылдан кейін де келесі кезеңге дәл осындай өсім болады. Сондықтан бюджеттен қаржыландырудың қажетті көлемін қарастыру маңызды.

Көбірек

Жоғары білім берудің негізгі міндеттері айқындалды

Бүгін Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, еліміздің жоғары оқу орындары ректорларымен бірге университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура

Көбірек

Күміс университет: Үздіксіз білім алу мүмкіндігі

Жұбанов университетінде үздіксіз білім беру тұжырымдамасы аясында «Күміс университет» жобасы 2020-2021 оқу жылында жүзеге асты. Осы уақыт аралығында жоба аясында университеттің зейнет жасындағы аға буын өкілдері бірнеше бағыттарда қосымша білім алып, заманауи дағдыларды игеріп келеді. Жақында «Күміс университет» жобасының жаңа курстық оқулары басталды. Егде жастағы 80-нен астам оқытушылар зерттеу дағдылары, шешендік

Көбірек

Бірлік — жарқын болашағымыздың кепілі

Нарқозы ҚАРТЖАН, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты. Ел арасында «Қаңтар қасіреті» аталып кеткен оқиғаға да бір жыл өтті. Осы аралықта бұл жағдайға ешкімнің де бейжай қарамағаны, барлығымыз бұны үлкен күрсініспен еске алатынымыз талас тудырмайды. Еліміздің бас прокуроры айтқандай, жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік актілерінің арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Екі жағдайда да зорлық-зомбылық, ойран,

Көбірек

Магистратураға құжат қабылдау басталды

Магистратураға құжат қабылдау қаңтардың 4-6 аралығында өткізіледі. Келесі құжаттар қажет: 1) 075-У нысанындағы медициналық анықтама (кез-келген медициналық мекемеден өтіп, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің емханасынан растау қажет); 2) Кешенді тестілеу нәтижелері бар сертификат; 3) Жеке іс парағы; 4) 3х4 өлшемді фотосурет  (4 дана); 5) Жоғары білімі туралы құжат (диплом)+қосымша  (түпнұсқа); 6) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке

Көбірек

Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Жүребеков Мұрат Өтемісұлы Жұбанов университетінің 1999 жылғы түлегі. Ақтөбе облысының тумасы. Мұрат Жүребеков сонымен қатар Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), «Strathclyde» университетін (экономика және басқару магистрі), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған. Түрлі жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас

Көбірек

Оқытушыларға арналған қысқы мектеп басталды

Бүгін Жұбанов университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қысқы мектеп жобасы басталды. Қысқы мектепте университет оқытушылары бір-бірімен пікір бөлісіп, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми зерттеу әдістерін игеруде, жаңа оқу бағдарламаларын жетілдіруде тәжірибе алмасатын болады. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын мектепте 8 топ бойынша күнделікті форсайт сессия, тренингтер, шеберлік сабақтары, спорттық ойындар

Көбірек

Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттер «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадада  үздік болды. Биыл 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ТМД Парламентаралық ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орнынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан 26 жоғары оқу

Көбірек