Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 76)

Магистратураға құжат қабылдау басталды

Магистратураға құжат қабылдау қаңтардың 4-6 аралығында өткізіледі. Келесі құжаттар қажет: 1) 075-У нысанындағы медициналық анықтама (кез-келген медициналық мекемеден өтіп, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің емханасынан растау қажет); 2) Кешенді тестілеу нәтижелері бар сертификат; 3) Жеке іс парағы; 4) 3х4 өлшемді фотосурет  (4 дана); 5) Жоғары білімі туралы құжат (диплом)+қосымша  (түпнұсқа); 6) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке

Көбірек

Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Жүребеков Мұрат Өтемісұлы Жұбанов университетінің 1999 жылғы түлегі. Ақтөбе облысының тумасы. Мұрат Жүребеков сонымен қатар Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын (іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), «Strathclyde» университетін (экономика және басқару магистрі), «Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама» мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған. Түрлі жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ Қарашығанақ жобасы бойынша департаменттің бюджеттік бақылау жөніндегі бас

Көбірек

Оқытушыларға арналған қысқы мектеп басталды

Бүгін Жұбанов университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қысқы мектеп жобасы басталды. Қысқы мектепте университет оқытушылары бір-бірімен пікір бөлісіп, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми зерттеу әдістерін игеруде, жаңа оқу бағдарламаларын жетілдіруде тәжірибе алмасатын болады. Екі аптаға жуық уақытқа созылатын мектепте 8 топ бойынша күнделікті форсайт сессия, тренингтер, шеберлік сабақтары, спорттық ойындар

Көбірек

Студенттер ІІІ халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттер «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадада  үздік болды. Биыл 15 қыркүйек пен 30 қазан аралығында ТМД Парламентаралық ассамблеясының Демократияны дамыту мониторингінің халықаралық институты Саратов мемлекеттік заң академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» ІІІ халықаралық интернет олимпиадасы өтті. Оған Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орнынан 1 465 студент қатысты. Қазақстан Республикасынан 26 жоғары оқу

Көбірек

Министрліктің ведомстволық наградалары табысталды

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова бірқатар оқытушыларға ҚР Ғылым және білім министрі Нұрбек Саясаттың атынан ведомстволық наградалар мен Алғыс хаттарды табыстады. Оқу орнының басшысы марапат иелерін құттықтап, министрлік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау - университетімізге көрсетілген құрмет екеніне тоқталды. «Жақсылықты бөліссең көбейеді. Жаңа жыл қарсаңында әр жылдары атқарып келген жұмыстарыңыздың жақсы

Көбірек

Жұбанов университетінің үш оқытушысы үздік атанды

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Қазақстандық 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар қатарында университетіміздің үш оқытушысы бар. Атап айтсақ,  «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев, «Физика» кафедрасының меңгерушісі, PhD Зухра Аймаганбетова, «География және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының

Көбірек

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздары анықталды

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының

Көбірек

Диссертациялық кеңес ашылды

Жұбанов университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Пәндік мамандырылмаған мұғалімдерді даярлау бағыты» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес  ашылды. Диссертациялық Кеңесте тек өзіміздің оқу орнының докторанттары ғана емес, басқа оқу орындарының түлектері де диссертациялық жұмыстарын

Көбірек

Жұбанов университетінің студенті «Үздік студент-2022» төсбелгісімен марапатталды

Ақтөбе қаласының жастарына қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Жыл үздігі - 2022» жастар сыйлығы табысталды. Өз саласында елеулі жетістікке жетіп, жастар саясаты бағытында жасаған еңбегі мен атқарған қызметі үшін белсенді жастар бірнеше номинация бойынша төсбелгі тақты. Марапаттау рәсімінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова жиналғандарды мерекемен құттықтап,

Көбірек