Пятница, Март 29, 2024
Басты > 2019 > Май (Страница 8)

Жұбанов университеті Х-шы жазғы республикалық универсиаданың ашылуына қатысты

Бүгін Ақтөбеде алғаш рет Қазақстан Республикасының Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуы өтті. Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған шара  14 спорт түрінен өтпек. Универсиаданың ашылу салтанатына еліміздің 60-қа жуық жоғары оқу орындары, оның ішінде Жұбанов университеті де қатысты. Аталмыш шараға облыс әкімі Ондасын Оразалин, Қазақ спорт және туризм академиясының

Көбірек

Халықаралық конференция студенттік спорт мәселесіне арналды

Жұбанов университеті ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  қолдауымен  «Студенттік спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Мұнда Ресей, Беларусь және Қазақстандық ғалымдар  өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми шараның мақсаты - студенттердің спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ғылыми зерттеулер

Көбірек

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді  9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл  күн —  бейбітшілік  сүйгіш бүкіл адамзат қауымымен бірге фашизмді талқандауға үлес қосқан, әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтар үшін маңызы зор мереке. Ел мен жердің тағдыры таразы басына түскен сын сағатта ақтөбелік азаматтар да ерен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті. Жеңіс мерекесі — «Бәрі

Көбірек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында Қазақстан майдан даласына орасан зор көмек

Көбірек

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2019 жылдың 10-11 мамыр күндері Жұбанов университеті ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  қолдауымен  «Студенттік спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің заманауи проблемалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференцияның мақсаты: студенттердің спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу және бірлескен бағыттарды

Көбірек

Патриоттық әндер байқауы

Жұбанов университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күніне  орай «Атамекен» патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға университеттің факультеттері және Жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.    Студенттер сарайында ұйымдастырылған мерекелік шараны университеттің стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректоры Қуанышбек Шүңкеев ашып, Отан қорғаушылар күнімен және алдағы Ұлы

Көбірек

Жұбанов студенттері Түркі әлемі ынтымақтастық саммитіне қатысты

Анкара Хаджы Байрам Вэли Университеті Түрік мәдени қоры академиясының ұйымдастыруымен Түркі әлемі ынтымақтастық саммиті болып өтті. Аталмыш саммитке Жұбанов университетінің  студенттері Айбану Байнақ, Асау Қайрат, Қазбек Жолдасов қатысты. Саммитінің ашылу салтанатында TÜRKSOY қорының өкілдері, ҚР Түркиядағы Бас Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Түрік оджаклары» басшысы және аталмыш университет профессорлары сөз сөйледі. Ғалымдар өз

Көбірек

«Адалдық дүкені» ашық

Елімізде адалдық алаңы, адалдық дүкені жобалары тұрмыстық жемқорлықты жеңу үшін жасалған алғашқы қадамдар. Сәтсіз деп айтуға келмес. Бірақ, шикіліктері бар. Кей өңірлерде пайдасынан зияны мен шығыны көп болғандықтан адалдық дүкендері жабылған. Қалада адалдық дүкендерінің бірі Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің бас ғимаратында орналасқан. Көзден таса жерде емес, бірінші қабатта, дәлізде тұр.

Көбірек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. Елбасының дана саясатының

Көбірек