Четверг, Март 28, 2024
Басты > 2018 > Июнь

Филология факультетінің түлектері үлкен өмірге жолдама алды

Бүгін  Студенттер сарайында Жұбанов университетінің  филология факультетінің бітіруші түлектеріне арналған диплом тапсыру кеші өтті. Жалпы саны 161 бітірушілердің 116-ы күндізгі, 45-і сырттай бөлімдерді бітірді. Оның ішінде 24 бітіруші үздік үлгідегі дипломға ие болды. Салтанатты кеште университет ректоры, филология ғылымдарының докторы,  профессор Бауыржан Ердембеков бітіруші түлектерді құттықтап, дипломдарын табыстады. Сондай-ақ, ол түлектерінің асқақ

Көбірек

Жұбанов университетінің Бақылау кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Бақылау кеңесінің мүшесі Гүлзат Көбенованың қатысуымен (селекторлық режимде), Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бақылау кеңесінің жұмысына Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов, ААҚ Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры

Көбірек

«Розетта Стоун» бағдарламасы үйренушілеріне сертификат табысталды

2018 жылдың 28 маусымында Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Rosetta Stone Advantage» қашықтықтан ағылшын тілін үйрену курстарын меңгерген, бастапқы және орта деңгейін нәтижелі аяқтаған Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің 26 оқытушыларына сертификаттар табысталды. Аталған бағдарламамен әр бір факультеттің оқытушылары 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың мамыр айына дейін 72 сағат мөлшерінде онлайн сабақтарын өтеді.

Көбірек

«Шолпының» сыңғыры

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жанынан құрылған «Шолпы» қыздар клубы қыз балалардың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізге сай болып өсуіне үлес қосып келеді. «Шолпы» клубы 2012 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Сарыбайдың бастамасымен ашылды. Бүгінде аталған ұйым қаланың барлық оқу орындарымен, мекемелермен тығыз байланыста болып, жоспарлы түрде

Көбірек

Физика-математика факультетінің түлектері жаңа өмірге бет алды

Жұбанов университетінің Студенттер сарайында бүгін физика-математика факультетін бітірушілерге диплом табыстау кеші өтті. Физика-математика факультеті университетіміздің ең алғашқы болып құрылған екі факультетінің бірі. Бүгінде факультетте бакалавриаттың 9 мамандығы, магистратураның 6, докторантураның 2 мамандығы бойынша кадр даярланады. Биылғы оқу жылында аталған факультеттің күндізгі бөлімін  155 студент, ал сырттай бөлімін 92 студент бітііп

Көбірек

Қазақ болу немесе рухани арпалыс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазғандай, «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адаса бастайды». Ақылға сыйымсыз еліктеушілік, әсіресе тіл, білім, дәстүр, өнер саласында қауіпті. Мәселен, сәбилерді де кеңестік интернационализм идеологиясына бейімдеуге ұмтылған сол кездегі этнопсихологтер бірнеше республикада балаларға ұлттық астары бар суреттерді ұсынып, ұнағандарын таңдаңдар деген. Орыс балалары Кремль,

Көбірек

«Хан Қорық» фестиваліне қатысушылар Ақтөбе облысының тарихи және көркем табиғатты жерлерін аралады

Бұл шараны Астана қаласының 20-жылдығына орай Жұбанов университеті және Ақтөбе облысының әкімдігінің қолдауымен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Фестиваль QazaqGeography қоғамының Қазақстанның әртүрлі аймақтарында өткізілетін дәстүрлі жобасы болып табылады. Бірінші күні фестиваль қатысушылары Қобда ауданында Әлия Молдағұлованың туған күнінде оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осыдан кейін ауданның патриоттық орталығымен және «Әлия»

Көбірек

Кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері үлкен өмірге жолдама алды

Бүгін кәсіби-шығармашылық факультетінің бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Аталмыш факультетті биылғы оқу жылында дизайн, музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру саласының 297 маманы тәмамдап отыр. Олардың 32-сі ерекше үлгідегі дипломға ие болды. Студенттер сарйының үлкен залында салтаннатты шараның қонақтарын «Бейнелеу өнері» мамандығының бітіруші студенттерінің үздік дипломдық жұмыстарының көрмесі күтіп тұрды. Көрмеде

Көбірек