Пятница, Март 29, 2024
Басты > 2018 > Октябрь

Облыс аудандарында Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру жұмыстары басталды

Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру бөлімінің қызметкерлері 29 қазаннан бастап облыс аудандарындағы кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастап кетті. Осылайша кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер Ырғыз және Әйтеке би аудандарында өтсе, бүгін университет қызметкерлері Хромтау ауданының оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ҰБТ-ң жаңа форматы, ҚР БжҒМ мен ЖАО тарапынан бөлінетін гранттар туралы сөз

Көбірек

Құттықтаймыз!

"Қазақстан раушандары" атты халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауында ҚР еңбек сіңірген қызметкері Гүлнар Мамбетованың "Гүлнар" ансамблі "Жоғары орындаушылық шеберлігі" үшін дипломымен марапатталды. Ансамбль құрамында Жұбанов университетінің "Хореография" мамандығының 1-2 курс студенттері Жұлдыз Бақтыбаева мен Аружан Рамазанова өнер көрсетті. Халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауы Ақтөбе қаласында өтті.

Көбірек

Жастар тәжірибе алмасты

Лев Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің студенттері Ақтөбеде. Олар елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында еліміздің батыс өңірлерін араламақ.  Астанадан келген жастарды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұжымы қарсы алды. Ақтөбе - тарихи тұлғалар мекені. Аты аңызға айналған Қобыланды батыр, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова, дүние жүзіне танымал Жұбановтар отбасы да

Көбірек

Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің тойы мерейлі аяқталды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың көрнекті ақыны, «Құрмет» орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына орай  мерейтойлық шаралар өтті. Салтанатты  күн  Гришин көшесінде орналасқан университеттің №6 оқу ғимаратына жыр алыбы Н.Байғаниннің есімін беру рәсімімен басталды. Мерекені бастаған ректор Бауыржан Ердембеков екі поэзия тарланының арасындағы рухани сабақтастыққа тоқталып, оқу

Көбірек

Астаналық белсенді жастар Жұбанов университетімен танысты

Бүгін Жұбанов университетіне Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің бір топ белсенді студенттерінен құралған делегация келді. «Менің елім» тарихи – өлкетанымдық жобасы аясында Батыс Қазақстан өңірімен танысу үшін арнайы сапармен келген астаналық жастар алғашқылардың бірі ретінде Жұбанов университетіне бас сұқты. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті қонақтарға Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы

Көбірек

Физика-математика факультетінде жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде семинар-тренинг өтті

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Семинар-тренинг «Жұқпалы аурулардың алдын алу: менингококты инфекция» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң «Жұқпалы аурулар» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мейрамбек Құрманғазин, Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Эпидемиология» бөлімінің меңгерушісі Мұрат Мирманов, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң емхана меңгерушісі Жұмагүл

Көбірек

Жұбанов университетінің «Мансап» командасы экономикалық мамандықтар бойынша XVII  Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

Жақында Орал қаласында өткен экономикалық мамандықтар бойынша XVII  Республикалық олимпиадаға Жұбанов университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «Мансап» командасы қатысып қайтты. Олимпиада нәтижесінде олар жүлделі І-ші орынға тұрақтап, олимпиаданың алдыңғы жеңімпаздары болған Батыс-Қазақстан инновация-технологиялық университетінен «Ауыспалы кубок»-ты жеңіп алды. Аталмыш олимпиада студенттердің, ұлттық экономика және басқарудың әртүрлі салаларында қызмет етеін болашақ мамандардың

Көбірек