Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Мәдени-спорттық сайысы өтті

Мәдени-спорттық сайысы өтті

14-қараша күні Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің №2 спорт кешенінде Елбасымыздың Болашаққа бағдар: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Студенттер және Жастар үйінің студенттері арасында «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты мәдени-спорттық сайыс өткізілді. Шараның мақсаты – Студенттер және Жастар үйіндегі студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту; спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру; спорттық сайыстарға қатысуға баулу; салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. 6 турдан тұрған сайысқа: «Жастар» (Жастар үйі), «Барыс» (№1 студенттер үйі), «Қыран» (№2 студенттер үйі) және «Көк бөрі» (№3 студенттер үйі) атты командалар қатысты. Мәдени-спорттық сайыс нәтижесінде 1-орынға — «Көк бөрі», 2-орынға — «Жастар», 3-орынға — «Қыран» және 4-орынға — «Барыс» командалары ие болды. Салауатты өмір салтын насихаттайтын қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде жеңімпаз командалар диплом мен алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Салтанат ТАЖИКЕНОВА