Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Аймақтық дөңгелек үстел жұмысына Астана және Ақтөбе қалаларының баяндамашылары қатысты

Аймақтық дөңгелек үстел жұмысына Астана және Ақтөбе қалаларының баяндамашылары қатысты

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің негізін салушы» атты аймақтық дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның мақсаты – мемлекет басшысының стратегиялық бағдарламасы аясында мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін талқылау. Дөңгелек үстел жұмысына Астана және Ақтөбе қалаларының ҒЗИ-ның ғылыми қызметкерлері, сарапшылар, ЖОО-ның оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.

«Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекет құрылысының қазақстандық моделі», «Қазақстан Президентінің Құбылысы – сыртқы саясат стратегиясының генераторы ретінде», «Адами капитал – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасы аясында тәуелсіз Қазақстанның инновациялық дамуының негізі», «Ұлтаралық қарым — қатынастардың үйлестірілуі, төзімділік, келісім» сұрақтары талқыланған дөңгелек үстел жұмысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов баяндама жасап, Елбасының мемлекеттік стратегияларының негізгі принциптеріне тоқталып кетті. «Елбасы кітапханасының жұмысы замануи, ғылыми, мәдени және білім беру орталығы ретінде жоғарғы мәдениетпен кемелденген тарихи қоғам қалыптастыруға бағытталған. Өз мәнімен жұмыс форматына қарай ол өз мағынасында классикалық кітапханаға жатпайды. Бұл қуатты аналитикалық және ғылыми ағартушылық мұражай, көрме мәдени орталық. Ағымдағы жылдың өзінде Елбасының кітапханасы қорымен 200 мыңнан астам адам танысқан. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбековтың қатысуымен Қазақстанның Алматы, Шымкент, Атырау өңірлерінде «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» көшпелі қор көрмесі өтті. Бұл жолы көрме Ақтөбе облысына келді. Көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан Ақтөбе қаласының әкімдігі мен Жұбанов универсиететінің басшылығына алғыс білдіреміз», — деді ол өз сөзінде.

  Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков басқосуға жиналған қонақтар алдында баяндама жасап, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі.

 Сондай-ақ Ақтөбе облысының ғалымдары, зерттеушілері және университет оқытушылары да дөңгелек үстел тақырыбына сай өз ойларын ортаға салды.

Ажаргүл КУНАРОВА