Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтіп жатыр

Ақтөбеде Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі өтіп жатыр

Көрме аясында ғылыми, мәдени және ағарту шаралары ұйымдастырылды. Мысалы, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы –аймақтық дамудың драйвері» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға алыс-жақын шет елдерден 15 профессор-ғалым келді. Оңтүстік Кореядағы Тонмён университетінің ғылыми қызметкері Сон Си бірнеше жыл бұрын Ақтөбеге келіп, жергілікті жоғары оқу орнында қызметін жалғастырған. Қазақ еліне аяқ басқалы Елбасы туралы көп оқығанын айтады. Президенттің Жолдауларын, барлық бастамалары мен идеяларын назарынан тыс қалдырмайды. Ең бастысы, осы жылдар ішінде қазақ тілін меңгеріп алған.

Сон Си Мьон, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми қызметкері:

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы, мен өте жақсы танимын. Бірақ кездескен жоқпын. Кітап арқылы, газет арқылы, журнал арқылы, интернет арқылы өте жақсы таныдым. Ол өте жақсы бағыт қойған, мен ризамын. «Рухани жаңғыру» деген бағдар қойды ғой, ол өте дұрыс. Қазақстанда бәрі бар, газ бар, мұнай бар, адамдар да жақсы. Енді не керек? Рухани жаңғыру керек, сол себепті бағыт қойғаны өте дұрыс деп санаймын.  Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушылар Елбасының ішкі саяси бастамалары туралы ойларын ортаға салды. Оның ішінде этникааралық, конфессияаралық келісім мен рухани дамуға қол жеткізгенін баса айтты. Сондай-ақ аймақтарды дамыту бойынша стратегиясының маңыздылығына тоқталды. «Назарбаев феноменін» зерттеуге қызығушылық танытқан халықаралық сарапшылар қатары көбейген.

Әмірхан Рахымжанов, Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары:

— Негізгі ойымыз Елбасының Қазақстан мемлекетіне жасаған еңбегін, сол еңбегі арқылы бүкіл Қазақстанның жолын көрсетейік деген ойымыз бар. Конференцияға 15 мемлекеттен келіп отыр, сонау АҚШ-тан бастап, Кореядан, Қытайдан, Ресейден. Негізгі тақырыбы Елбасының өңірлерді дамыту мәселесі, өңірлерді дамыту стратегиясы. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының тапсырмасымен Үкімет тарапынан бірнеше бағдарлама қабылданған. Ақтөбеліктер Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесін тамашалауға да мүмкіндік алды. Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кітапханасы мен жеке мұрағатынан мыңнан астам экспонат қойылды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/278290-a-t-bede-elbasy-kitapkhanasyny-k-shpeli-k-rmesi-tip-zhatyr