Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады

Кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз алған факультет деканы Сабыржан Мұхтаров студенттерді төл мерекесімен құттықтай келе, «Студенттік өмір адам өміріндегі ең қызықты, ең ұмытылмас кезеңдердің бірі. Қас қағым уақыттың ішінде зымырап өте шыққан студенттік жылдарымды мен әлі күнге шейін ыстық ықыласпен, ерекше сағынышпен еске аламын» — деді. Сонымен қатар Сабыржан Сағидоллаұлы студенттерді еліміздің өркендеуіне аянбай үлес қосып, достық қарм-қатынасты жоғары бағалауға шақырды.

Әрі қарай факультет басшысы студенттердің жетістіктеріне тоқталды. Осылайша ол студенттер арасындағы Х республикалық пәндік олимпиаданың 3-дәрежелі дипломын ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің атынан Жұбанов университетінің «Дизайн» мамандығының 5-курс студенті Жігер Кенжеғалиевке табыстады. Сондай-ақ шара барсысында «Дизайн» мамандығының 5-курс студенті Ізбастина Әселге Еуразиялық Дизайнерлер Одағының куәлігі салтанатты түрде табысталды. Университет өміріне белсене араласып жүрген жастарды өмірге әкеліп, тәрбиелеген ата-аналар да назардан тыс қалмай, Алғыс хаттармен марапатталды.

Шара оқытушылар мен студенттердің музыкалық құттықтауларымен жалғасты.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА