Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Қалалық жас натуралистер станциясында дуалды форматтағы зоология сабағы өтті

Қалалық жас натуралистер станциясында дуалды форматтағы зоология сабағы өтті

Жұбанов университеті биология кафедрасының филиалы Қалалық жас натуралистер станциясында «5В011300-Биология» мамандығының 1 курс студенттері зоология пəнінен «Балықтар класы» тақырыбында зертханалық сабақ өткізді. Сабақты студенттердің кəсіби біліктілігін арттыру мақсатында аталған мекеменің практик-маманы А.С.Акметова мен биология кафедрасының аға оқытушысы С.Т. Сырымбетов бірігіп ұйымдастырған болатын.

Студенттер «Жас натуралист станция» базасындағы балықтардың түрлерімен, олардың ішкі құрылысымен, систематикасымен жəне биологиялық ерешеліктерімен танысты. Мұндай шараның болашақ биолог мамандардың кəсіби біліктілігін арыттыруда үлесі зор екені сөзсіз.

Ж.Ж.Кукенов

«Жаратылыстану» факультеті