Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  — ҚР БҒМ)  ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз)) және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: www.edu.gov.kz және Ғылым комитетінің сайтында: www.sc.edu.gov.kz орналастырылған. Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша консультация беру жөнінде жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А.А., телефондар 8 (7172) 74-19-04, 74-19-18, 74-20-29.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 11 кіреберіс, 1039 кабинет, ҚР БҒМ Ғылым комитеті. Телефон 8-7172-74-24-59. Жұмыс уақыты: дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес.

http://sc.edu.gov.kz