Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филология факультетінде ашық сұхбаттасу кеші өтті

Филология факультетінде ашық сұхбаттасу кеші өтті

Жұбанов университетінің  филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 103-топ және топ кураторы Есім Кеңесов Қабденұлы факультеттің үздік студенттерін шақыра отырып, «Қызықты көңіл,студенттік өмір!» атты шағын сұхбат ұйымдастырды.

Бұл сұхбатымыздың қонақтары ең белсенді «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Аслан Абуов , «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 203-тобының студенті  Самғар Орынбай, «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 201-тобының студенті Исатай Ізбасар  болды. Сонымен қатар шараға  2018 жылғы түлектер, магистранттар арнайы шақырылды.

Сұхбат барысында үздік студенттерге көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды. Қызықты ойын ұйымдастырылып, олар өздерінің ең қызықты әңгімелерімен бөлісті.

Кеш соңында  оқытушылар мен студенттер өздерінің жылы лебіздерін айтып, олардың әрі қарай өз мақсаттарына жете білулеріне ақ жол тіледі.

Әйгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ