Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалымдар Елбасы мақаласын талқылады

Ғалымдар Елбасы мақаласын талқылады

«Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласы студенттер мен мектеп оқушылары үшін әдеби құрал. Автор тарихқа терең үңіліп, қазақ халқының әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі зор екендігін нақты дәлелдермен келтірген. Бүгін Жұбанов университетінде осы тақырыпқа арналған жиын өтті.

Қобыланды батыр толық зерттеліп, өз шыңына жете қойған жоқ. Бүгінгі күні жастар тек эпостық жырда арқылы біледі. Тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев осындай пікірде. Ғалымның айтуынша, көп замандар бойы өмір сүріп, ауызша тараған дастанда батыр туралы мәлімет жеткіліксіз. Жас ғалымдар осы істі қолға алуы тиіс. Оған дәйек жеткілікті.

Ақтөбе өңірінен шыққан әйгілі азаматтар, ғұлама ғалымдар мен батырлар, түрлі салада жетістікке жеткен нар тұлғалар аз емес. Олардың есімдерін ұлықтайтын арнайы бағдарлама дайындау қажет. Филология ғылымдарының докторы Абат Пангереев осылай дейді. Ал университет ұстаздары студенттермен бірлесе экскурсиялар ұйымдастыруды, мәдени мұрамызды оқу құралдарына түсіруді жоспарлап отыр.

Білім ордасы бағдарламалық мақала ізімен жұмыстануға дайындықты қазірден бастап кетті. Мәселен, Жұбанов университетінде ғылыми жұмыстармен айналысатын студенттер бар. Олар өңірдің әр өлкесінен шыққан тарихи тұлғалар туралы мағлұматтар жинап, эсселер жазуда.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/galymdar-elbasy-makalasyn-talkylady