Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Факультет студенттері бүлдіршіндерге өнер көрсетті

Факультет студенттері бүлдіршіндерге өнер көрсетті

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында 22 қараша күні Жұбанов университетінің Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен факультеттің белсенді студенттері  «Алға ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мен  «Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығында»  «Аялы алақан» атты концерт өткізді.

Факультет деканы Мұрат Махамбетовтің бастамасымен және профессор-оқытушылар құрамының қолдауымен болған концертте факультеттің белсенді студенттері балалар мен бүлдіршіндерді мың бұралған биімен, жан тебірентер әндері мен күйлерімен тамсандырып, сыйлықтарын табыстады.

Аға-апаларының ілтипаты мен махаббатына бөленген бүлдіршіндер мен ата-аналары, «Алға ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті», «Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығының» барлық ұжымы студенттерге өз ризашылықтарын білдірді.

Жаратылыстану  факультетінің ұйымдастыруымен өткізілетін мұндай шаралар әлі де өз жалғасын таппақ.

Салтанат ТАЖЕКЕНОВА