Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов Университеті Грант иегерлерін құттықтайды

Жұбанов Университеті Грант иегерлерін құттықтайды

Құрметті талапкер! Кеше ғана Сіздердің алдарыңызда биік асу, үлкен таңдау тұрды. Мектепті бітіріп, аттестат алу, ҰБТ сынағынан сүрінбей өту секілді сындарды артқа тастап, бүгін міне, армандаған жоғары оқу орнына мемлекеттік грант арқылы «Студент» атану бақытына қол жеткіздіңіз!

Жұбанов Университеті оқу ордамызға оқуға түскен барлық Грант иегерлерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта білімнің қара шаңырағының ұйымшыл ұжымының арқасында биік асуларды бірге  бағындыратындарыңызға сенім білдіреді. Жарқын болашағыңа бастау алған жолыңа тек сәттілік тілейміз!