Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдаған жиын бүгін Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар мақаладағы маңызды жайттарға тоқталды. Қазақ халқы ұлы мәдениеттің мұрагері десті. Белгілі ғалым Амангелді Айталы біздің бай тарихымыз, бай мәдениетіміз бен өркениетіміз бар, сол біздің рухани тірегіміз дейді.