Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Елбасының жаңа мақаласын қолдауға бағытталған патриоттық акция

Елбасының жаңа мақаласын қолдауға бағытталған патриоттық акция

Бүгін «Керуен сити» сауда-ойын-сауық кешенінде Жұбанов универсиеті студенттерінің қатысуымен патриоттық акция өтті. Акцияның негізгі бағыты – жақында шыққан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау. Елбасы өзінің жаңа бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді жаңғырту, мәдениет және әдебиет салаларын насихаттау, рухани және ұлттық мұраны құрметтеу турасындағы сұрақтарды басты назарға алады.

Шара барысында «Қазағымсың», «Ұлы дала», «Қазақ елі» және «Атамекен» патриоттық әндер шырқалды. Ал универсиетттің «Ақжелен» оркестрінің орындауындағы Құрманғазы, Әбдімомын, Желдібай мен Даулеткерейдің күйлері мен студенттік хор көпшілік көңілін бір серпілтіп тастады. Университеттің жас ақындары өздерінің өлең жолдары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.

Акцияға жиналған дүйім жұрт жас өнерпаздардың өнеріне ерекше қошемет қошемет көрсетті.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА