Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы

Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай-сана сезімдерін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта филология факультетінде өткізілген «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты дөңгелек үстелге Зауыт полиция бөлімінің полиция капитаны Утеева Жанна Жаксагалиқызы мен полиция аға лейтенанты Бектлеуова Алтынай Райымжанқызы қонаққа шақырылды.

Кездесу барысында құқық қорғаушы органдарға студенттер тарапынан «Жастардың теріс қылық жасаушыларының себебі неде?», «Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар?» деген секілді көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Полицей қызметкерлері жастарға дайындаған дәрісін оқыған соң, Зауыт полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Мукушова Аминамен студенттердің түнгі рейдке шыққан видео үзінділері көрермендерге ұсынылып, сонымен қатар түсірілген вайндар талқыланды.

Кездесу соңында 3-курс студенті Айбану Байнақ  келген қонақтарға Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.

Айгерім ЖАНАЛЫҚЫЗЫ