Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте «Болашақ-Атырау» ЖШС бірлескен бос орындар жәрмеңкесі өтті

Университетте «Болашақ-Атырау» ЖШС бірлескен бос орындар жәрмеңкесі өтті

27 қараша күні Жұбанов университетінде «Болашақ-Атырау» ЖШС бірлескен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны аталмыш компания өкілдері Жұбанов университеті Оқу процессін ұйымдастыру департаментіне қарасты оқу-әдістемелік бөліммен біргелікте ұйымдастырды. Жәрмеңкенің мақсаты – Батыс Қазақстан аумағындағы ірі өазаөстандық жобаларға мамандарды шақыру.

Шараға келесі мамандықтардың бітіруші курс студенттері қатысты: 5В070400 — «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В070300 — «Ақпараттық жүйелер»,  5В060400 — «Физика», 5В060800 — «Экология», 5В020700 –«Аударма ісі», 5В021000 – «Шетел филология (ағылшын)», 5В070800 –«Мұнайгаз ісі». Сондай-ақ университеттің басқа да мамандықтар бойынша магистранттары және соңғы курс студенттері.

Жәрмеңке бағдарламасы 3 таныстырылымнан тұрды. Олар «Болашақтың дағдылары мен өзгермелі әлемдегі ойлаудың трансформациясы туралы», «Түйіндемені сауатты толтыру»,  «Әңгімелесу дағдысын үйреніңіз». Сонымен қатар жиналғандар назарына «Болашақ-Атырау» ЖШС жұмысы туралы бейнролик ұсынылды.

Жәрмеңке барысында «Болашақ-Атырау» компаниясының өкілдері түйіндемелер қабылдап, жұмыс іздеушілерге кеңестер берді. Аудармашы мамандығы қызықтыратын студенттер үшін екі және үш тілде тестілеу жүргізілді. Тест нәтижесі университеттің электронды поштасына жіберіледі.

Аудармашы Ажаргүл КУНАРОВА