Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ерлік сабақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Ерлік сабақтары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Бүгін Жұбанов университетінде жастарға патриоттық беру мақсатында «Ерлік сабақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Облыстық жастар саясаты басқармасының «Ақпараттық сараптама бөлімінің» бас маманы Мәди Кемешов, «Чернобыль апатынан зардап шеккендер» қоғамдық ұйымының мүшесі Міржақып Бижанов, «Боевое братство» ҚБ мүшелері Түкембай Шалов пен Серік Сартаев, Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бойынша департаменттің қызметкерлері және университет студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің жүмысын ашқан Облыстық жастар саясаты басқармасының «Ақпараттық сараптама бөлімінің» бас маманы Мәди Кемешов: «Бүгінгі кездесуде көтеріліп отырған тақырып жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын. Осы жерде отырған аға буын өкілдерінің барлығы үлгі тұтар азаматтар. Олардың өмірден көргені да түйгені да көп. Және осындай кездесулер көптеп болып тұрса нұр үстіне нқр болары анық», — деді.

Міржақып Бижанов өз кезегінде Чернобыль жеріндегі адаммен емес атоммен шайқасқан кездегі бастан кешкен оқиғалары туралы әңгімеледі. Ол Чернобыльге шақырылған 32000 адамның 200-і Ақтөбелік жауынгер болғанын атап кетті. «Әр ер азамат міндетті түрде әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуі керек деп есептеймін. Еліміздің елдігін, тәуелсіздігін сақтау сіздің қолдарыңызда. Өйткені болашақ жастардың қолында. Осы елде сіздер, сіздердің балаларыңыз өмір сүреді», — деп ол өз ойымен бөлісті.

Әрі қарай сөз алған «Боевое братство» ҚБ мүшелері Түкембай Шалов пен Серік Сартаевтар әскери міндеттерін Ауғанстанда өтеп келген сарбаздар. Өзге жерде шақасқан қос жауынгер соғыс алаңындағы оқиғаларын еске ала отырып, сарбаздық өмірдің бар қыр-сырын баяндады.

Дөңгелек үстел қонақтарының қызықты әңгімелерінен кейін студенттер оларды қазіргі замандағы әскер қатарына шақырылу, жауынгерлердің соғыстан кейінгі жағдайы, отбасы және басқа да көптеген сұрақтардың астына алды. Студенттерге жауап берген әр қонақ Отан алдындағы борышты ақтау әр азаматтың міндеті екенін бас айтты.

Аудармашы Ажаргүл КУНАРОВА