Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Нәтижеге бағытталған көшбасшылық» тақырыбында өткен тренинг

«Нәтижеге бағытталған көшбасшылық» тақырыбында өткен тренинг

Әдістемелік апталық аясында 5В050600-Экономика, 5В050700-Менеджмент, 5В050800-Есеп және аудит, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 2 курс студенттері үшін көшбасшылыққа арналған тренинг өткізілді. Шараның ұйымдастырушылары «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары Султамуратова Н.Б. және Тасмаганбетова С.Ж. Тренингте қонақ ретінде факультеттің ПОҚ қатысты: оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Байшукурова Ж.Ж., факультеттің Әдістемелік кеңес төрағасы Тлеукабылова К.Б., аға оқытушылары Тлеубергенова М.А., Ибрашева А.Ж., Есжанова Э.Ж.

Султамуратова Н.Б. тренинг бірінші, кіріспе бөлімінде студенттерге «Лидер – ол кім?» деген ашық сұрақ қоя отырып, студенттердің осы сұраққа қатысты берген сипаттамаларын біріктіріп, лидер тұлғасын қалыптастырды. Осы тұста ол «Лидер болып тумайды, лидер болып қалыптасады» деген тұжырымды топ алдында ашық пікірталас ретінде қалдырып, қатысушылардың пікірлерін ескеріп, көшбасшы болып қалыптасуда маңызды болып табылатын ықпал ету және сендіру дағдыларын қалыптастыратын механизмдерді, ережелер мен кеңестерді ұсынды.

Тренингтің мақсаты, лидер қандай қасиеттерге ие болу екендігін анықтау және тренингтік жаттығулар, нақты мысалдар, ситауциялардың негізінде студенттердің бойында осы қасиеттерді, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру. Тренинг барысында орындалған жаттығулар, пікірталастар, нақты мысалдар көшбасшының мынадай қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды:

1. Өз-өзіне сенімділік

2. Коммуникабелділік

3. Жеке ұстаным, белсенділік

4. Харизма

5. Бастамашыл

6. Жекетұлғалық өсу.

7. Команда құра білу

8. Мінез-құлық икемділігі, ситуацияны тез қабылдай алу

9. Топтың мүдделерін көрсетіп, оны дәлелдей алу (жауапкершілік, келіссөз, сөйлеу шеберлігі, шешендік, тапқырлық, сөздік қоры, эрудиция)

10. Нәтижеге бағытталу, мақсаткерлік

Тасмаганбетова С.Ж. келесі блоктарға бөлінген ойын ұйымдастырды: «Топ алдында шығып сөйлеуді бастау және аяқтау дағдысын үйрену», «Дауыс пен тонды моделдеу», «Тапқырлық, парадоксалды логиканы және шешендік қабілетті көрсету», «Жаттығу «Теңсіз ресурстар», «Имидж». Мамандық студенттері 5 топқа бөлініп, олар бекітілген уақыт ішінде тапқырлық, сөйлеу шеберлігі, логика, шешендік қабілеттерін дамытатын тапсырмалармен қатар, өзге командалармен бірлесіп коммуникабелдік қабілеттерін көрсететіндей ойынды да нәтижелі орындады.

Тренинг қорытындысын факультеттің әдістемелік кеңес төрағасы Тлеукабылова К.Б. ой тұжырыммен тәмамдады.

Мақсат ШАКИБАЕВ