Воскресенье, Сентябрь 15, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақтың алғашқы скрипкашысы Әлім Алматтың атында оқу кабинеті ашылды

Қазақтың алғашқы скрипкашысы Әлім Алматтың атында оқу кабинеті ашылды

Ырғызда туған қазақтың алғашқы скрипкашысы Әлім Алматты қазақ жұрты соңғы жылдары ғана тани бастады. Өйткені ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, одан кейін елге оралмаған. Тағдырдың жазуымен музыкант Түркияда еңбек етіп, сол жақта тұраған. Биыл ақпан айында 101 жасында Стамбулда дүниеден озды. Қазірде бала-шағасы сол елде тұрады. Бүгінгі салтанатты шараға арнайы келіп, әкесінің туған жеріне табан тіреген Төре Әлімұлы әкесінің елге деген сағынышын жеткізіп, оның еңбек жолын сөз етті. 25 жыл Стамбулдың симфониялық оркестрінде қызмет еткен Әлім Алмат Түркияға Мұстафа Шоқайдың жары Мария Шоқайдың кеңесімен Франциядан қоныс аударған. Шоқай отбасымен Әлім Алматтың ара қатынасы туралы оның туысы, дәрігер Роман Рахимов естелік айтып, өңірдегі бас жоғарғы оқу орнында ашылған оқу кабинетінің жастар тәрбиесіне үлесі мол екенін жеткізді. Әлім Алмат атындағы оқу кабинеті Жұбанов университетінде ашылған 4-ші оқу бөлмесі. Бұған дейін Тілеу Айтұлы, Қабақ Айтұлы, Дербісәлі Беркімбаев атындағы арнайы оқу кабинеттері ашылды. Оларды аталған батыр ұрпақтары заманауи жабдықтармен қамтып, оқу ордасына сый ретінде тарту етті.

http://www.rikatv.kz/kz/news/aza-ty-al-ash-y-skripkashysy-l-m-almatty-atynda-o-u-kabinet-ashyldy.html