Вторник, Август 11, 2020
Басты > Жаңалықтар > «Дене шынықтыру» сабағында электрондық оқулықты қолдану әдістемесі түсіндірілді

«Дене шынықтыру» сабағында электрондық оқулықты қолдану әдістемесі түсіндірілді

Университетте өтіп жатқан «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әдістері мен тиімділігі» әдістемелік апталық аясында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы  ашық шара өткізді. Шараға шақырылған  №4, №5 қала мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері мен университеттің бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім кафедрасының оқытушылары п.ғ.д., профессор Т.А.Ботагариевтің дене шынықтыру сабағында электрондық оқулықты қолдану әдістемесімен танысты. Ашық сабақ форматында 4 курс студенттерімен ұйымдастырылған шараның мақсаты — жоғары оқу орнында дене тәрбиесі пәні бойынша жеңіл атлетикадан, баскетболдан, волейболдан бағдарламалық материалды электрондық оқулық арқылы оқытудың әдістемесін іске асыру ерекшеліктерін анықтау. Шара барысында оқытушымен негізгі теориялық бөлімдерге шолу жасалды. Сонымен қатар студенттер электрондық оқулықтағы материалды қолданып, өздерінің техникасына рефлексия жасады.

Берік МАМЫТОВ,

аға оқытушы