Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зияткерлік ойын түрінде өткен сабақ

Зияткерлік ойын түрінде өткен сабақ

Жұбанов университетінің  «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Демеуова Г.К. мен Әлиева А.Ө. «Оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі» атты әдістемелік апталық аясында «Есеп және аудит» мамандығының (қазақ және орыс топтары) 2 курс студенттері арасында «Настоящий и креативный бухгалтер» атты ашық сабақ өткізді.

Өткізілген ашық сабақ зияткерлік ойын түрінде өтті. Сабақта студенттер 4 топқа бөлініп, 2 топ бір-бірімен креативті Квест түрінде, ал қалған екі топ зияткерлік ойын түрінде сайысты. Сабақ барысында дәстүрден тыс әдістемелік тәсілдер студенттердің бухгалтерлік есеп негіздерінен алған теориялық білімдерін нығайту үшін қолданылды. Студенттердің құрылған тапсырмаларды орындауда креативті шешім қабылдай білгенін ерекшелеп айтуға болады. Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Мақсат ШАКИБАЕВ,

Экономика және құқық факультеті