Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Жандос Мирманов Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжі студенттерімен жүздесті.

Шара барысында теолог жастарды жат ағымнан сақтандыру мақсатында теріс діни көзқарасты насихаттаушылардың белгілері мен ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында өткенде кездесуде Ж. Мирманов дәстүрлі дін мен қазақы ғұрыптардың байланысы жөнінде сөз етті. Жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

http://ansar-aktobe.kz/index.php/kz/zhanalyktar/1119-5465sdfs