Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу мәселелесі талқыланды

Білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу мәселелесі талқыланды

Жұбанов университетінің техникалық факультетінде  «Оқу процесіне сандық білім беру ресурстарын пайдалану» тақырыбында өткен әдістемелік апталығы аясында «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ж.У.Жубандықова «Білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу» тақырыбында 3 сағаттық тренинг жүргізді.

Тренингті жүргізу мақсаты — педагогтардың кәсіби IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру, оқу процесіне инновациялық IT технологияларды енгізу.

Тренингке техникалық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Тренинг барысында екі модуль қарастырылды: 1-модуль ҚР ақпараттандыру саласындағы стратегиялық бағыттары және білім беру саласында IT инновацияларды енгізудің алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен танысу; 2-модульде ақпараттық технологиялардың даму бағыттары мен тенденциялары; жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды (АКТ) кеңінен қолдану арқылы оқытуды жүргізу әдістер мен тәсілдерін; бағдарламалық және техникалық оқыту құралдарын таңдау критериялары мен негізгі сипаттамаларын, қорғау және басқару жүйесін, сандық білім беру ресурстарын енгізу қарастырылды.

Оқыту процесіне жаңа АКТ енгізу және білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау процесін автоматтандыру ретінде қатысушылармен TurboSite (ТурбоСайт)» бағдарламасы негізінде электронды оқыту әдісін пайдалану ұсынылды және пәннің электронды ОӘК құрастырылды. Сонымен қатар қатысушылармен IT технологиялар негізінде студенттердің білімін тексеру үшін Plickers бағдарламасы игерілді.

Альбина ЕРСАЙЫНОВА,

техникалық факультеті