Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінен Калифорния Риверсайд Университетіне жолдама

Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінен Калифорния Риверсайд Университетіне жолдама

Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті мен Калифорния Риверсайд Университеті арасында жасалған келісімшарт негізінде Колифорния Риверсайд университетіне оқытушылар құрамы «Болашақ» бағдарламасы арқылы тілдік курстарға/тағылымдамаға қатыса алады. Осыған орай «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына төмендегі  мамандықтар бойынша қатысуға болады:

  1. Мұражай ісі
  2. Биотехнология
  3. Кітапхана ісі
  4. Педагогика

Болашақ бағдарламасы бойынша үміткерлер Халықаралық ынтымақтастық орталығы, халықаралық бағдарламалар бөліміне өтініш үлгісін толтыруы қажет.

Мекен жайымыз: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Халықаралық ынтымақтастық орталығы, халықаралық бағдарламалар бөлімі.

Анықтама телефоны: 8 (7132) 41-11-26, 8 (775) 068 75 65

Болашақ бағдарламасы бойынша толық ақпарат:  https://bolashak.gov.kz/kz/