Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дуалды оқыту жүйесі – жас түлектерге үлкен мүмкіндік береді

Дуалды оқыту жүйесі – жас түлектерге үлкен мүмкіндік береді

ҚР Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекет экономикасының инновациясына білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығына байланысты қолға алынған оқытудың дуалды жүйесінің жобасы —  мектеп пен жоғарғы оқу орындарының арасында байланыс табуда.

Соның бір дәлелі, мектеп жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасын барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау, қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі Новый орта мектебі мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық меморандум шеңберінде, биология кафедрасының филиалы болып табылатын Новый орта мектебі базасында биология кафедрасының 4-курс  студенттері үшін   «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»  пәнінен практикалық сабақ  магистр, аға оқытушы Ш.К. Айтмаганбетованың ұйымдастыруымен өткізілді.

Сабақтың   мақсаты —  жаңартылған білім мазмұнына  сай  студенттер өздерінің теориялық білімдерін, яғни  сабақ жоспарын құру, тақырыпқа сай мақсат қоя білу, оқушыларды күнделікті сабақта және әр тарау не бөлім бойынша бағалау түрлерін қолдану және осы аталғандарды мектепте практикалық тұрғыда қолдана алу, соған машықтандыру.

Сабақ барысында студенттер презентация көмегімен жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бағалаудың түрлері және жиынтық, қалыптастырушы бағалаудың түрлері туралы ақпарат алды және сабақтың практикалық бөлімінде жеке тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімді практикада қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Студенттер білімін тексеру Кахот бағдарламасымен жүргізілді. Алынған рефлексия нәтижесінде студенттердің көпшілігінен жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде бағалаудың түрлерін жете түсінгендігі байқалды.

Сабаққа Новый орта мектебінің биология пəнінің мұғалімдері Татаманова Г.Б, Жаңғабылова С.Т, Кулдыкова А.С және директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абжалелова А. қатысты.

Салтанат ТАЖЕКЕНОВА 

Жаратылыстану факультеті