Вторник, Сентябрь 29, 2020
Басты > Жаңалықтар > Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Байқау кеңесінің мәжілісі өтті

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Байқау кеңесінің мәжілісі өтті

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Байқау кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Байқау кеңесінің жұмысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, «Дастан» ЖШС президенті Асхат Айтжанов, «Қазақстанның халық Банкі» АҚ облыстық филиал басшысы Апуажан Төлегенова, ААҚ Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Сабыржан Сәдуақасов, Жұбанов университетінің Стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректоры  Қуанышбек Шүңкеев, Жұбанов университетінің Оқу ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова, Жұбанов университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, Жұбанов университетінің ректорының кеңесшісі Константин Цхай,  Жұбанов университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұржан  Бердыбаев қатысты.

Алдымен күн тәртібінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ даму жоспары бойынша 2018 жылғы  есебі  мен университеттің Байқау кеңесінің 2018 жылғы есебін және 2019 жылға жоспарын бекіту қаралды.

Кездесу барысында  сөз сөйлеген университет ректоры  Бауыржан Ердембеков университеттің даму жоспары бойынша 2018 жылғы есебі бойынша баяндама жасады. Ол баяндамасында білім  алушылар санының өсуі, аккредитация, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, өндіріспен байланыс, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, қоспдипломдық білім бағдарламалары, халықаралық байланыс, оқытушылар құрамы, ғылыми жұмыстар, инновациялық технологиялар паркі, әлеуметтік кәсіпкерлік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы, цифрлық университет (студенттерге көрсетілетін қызметтер),  ситуациялық орталық, университет ғимараттары, 2017-2018 оқу жылында ашылған және жаңартылған нысандар, ашылған және жаңартылған кабинеттер мен орталықтар, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты, Халықаралық, республикалық сайыстар мен турнирлер жеңімпаздары, «Startup Bolashak – менің арманым» жобасының нәтижелері туралы баяндап, университеттің алдағы стратегиялық даму бағыттарына тоқталды.

Одан кейін Байқау кеңесінде университеттің Стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректоры Қуанышбек Шүңкеев, Оқу ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұржан  Бердыбаев, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылай келе, Байқау кеңесінің төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жоғарыдағы баяндамашылар көрсеткен жұмыстардың жүзеге асуын ылғи қадағалап отыру керектігін, оның ішінде әсіресе білім сапасына жіті көңіл бөлуді тапсырды. Бердібек Машбекұлы сөз соңында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Батыс Қазақстан өңіріндегі ұлттық университетке айналуы керек екендігін атап, жаңа идеялар жаршысы ретінде аймақтағы басқа жоғары оқу орындарына үлгі көрсетуді тапсырды.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ