Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Айдос Сарым: «Сіздер бақытты жансыздар, өйткені сіздер Жұбанов университетінің білім алушыларысыздар»

Айдос Сарым: «Сіздер бақытты жансыздар, өйткені сіздер Жұбанов университетінің білім алушыларысыздар»

Бүгін ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтің кеңесшісі, белгілі отандық саясаткер, мелекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарым Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ұлықтау мақсатында Жұбанов университетінің студенттерімен кездесті.

Университет ректоры Бауыржан Ердембеков құрметті қонақты қарсы алып, оған кездесу үшін уақыт бөлгендігіне алғысын білдірді.

«Бүгінгі күні сіздер әртүрлі сала өкілдерімен еркін кездесіп, әңгімелесе аласыздар. Сіздер өздеріңізді қызықтыратын кез-келген сұраққа тікелей жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар», — деген қайраткер бұрын мұндай бейресми кездесулерді ұйымдастырудың қиын болғандығын атап кетті.

Осылайша студенттер әлеуметтік желілердің жастарға тигізетін әсері, латын әліпбиіне өту, дін, кітап және көптеген басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарына мардымды жауап ала алды. «Дін әр адамның жүрегінде. Адам баласы өзіне не керек екенін анық біліп, өз өміріні дұрыс бағыттауы керек» — деді Айдос Сарым мырза. Сонымен қатар ол студенттерді көп кітап оқуға шақырды.

Кездесу соңында Айдос Сарымға естелік сыйлықтар табысталды. «Сіздер бақытты жансыздар, өйткені сіздер Жұбанов университетінің білм алушыларысыздар», — деді ол сөз соңында. Университет ректоры Бауыржан Ердембеков өз кезегінде Жұбанов университетінде оқып, еңбек етіп жүрген әрбір жан Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың аяқталмаған істерін жүзеге асыру жолында аянбайтынын атап кетті.

Аударған Ажаргүл КУНАРОВА