Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Белсенді студент Аслан Әбуов  — Жыл Жұлдызы 

Белсенді студент Аслан Әбуов  — Жыл Жұлдызы 

ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында өткен жастардың «Жас Ақтөбе-2018» қайырымдылық балында филология факультетінің 3-курс студентi Аслан Әбуов «Жыл жұлдызы» номинациясының иегері аттанып, оған 100.000 теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Бал өңірдегі мемлекеттік жастар саясатына сүбелі үлес қосқан өскелең ұрпақ өкілдерін анықтап, оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда Мемлекет басшысы қамқорлығының арқасында жастар саясаты мәселелеріне зор көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

«Сіздер — тәуелсіз еліміздің болашағысыздар және Қазақстанды жаңа белестер мен жетістіктерге жеткізетін де өздеріңіз. Президенттің бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біздің облыста өскелең ұрпақ патриотизм рухында, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалған. Біз сіздердің барлық бастамаларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға қашанда әзірміз»,-деді өңір басшысы.