Тәуелсіз Мемлекетіміздің басшысы “Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы” атты Халыққа үндеуінде: «Біз әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет», – деп атап көрсеткен еді.
Осы бағдарлама аясында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы 9 қабатты Жастар үйінің ашылуына тікелей мұрындық болды. Осыдан бір жыл бұрын Жастар үйінің ашылу салтанатына облыс басшысы Бердібек Сапарбаев және еңбек қайраткерлері, облыс зиялылары, университеттің профессор-оқытушылары қатысқан еді.
Осыған орай Жастар үйінің директоры Қонақбаева Бейбітшілік Көбекқызының бастауымен 13 желтоқсан күні Жастар үйінің ашылғанын тойлап, «Өз үйім-өлең төсегім» атты мерекелік шарасын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты — жастарға барлық жағдайды жасай отыра, оларды өнерге, білімге баулу. Аталмыш шарада Жастар үйінің студенттері өнерлерін көрсетіп, жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынды.
Жастар үйі