Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тәуелсіздік мерекесіне арнап жыр толғады

Тәуелсіздік мерекесіне арнап жыр толғады

Жұбанов университетінің шетел тілдері факультетінде оқитын ақын қыз Тәуелсіздік күні мерекесіне арнап жүрегінен жыр толғады. Айшолпан Қартам  «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығының 2 курс студенті. Жас қаламгер қоғамдық істерде белсенді. Ол «Туған жерім-нұрлы елім» бағдарламасы аясында өлкені көріктендіруге қатысып,«Жасыл ел» еңбек жасақтарының үздік жауынгері атанды.Осындай нәтижелі еңбегі үшін Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың жолдамасымен Астана қаласына барып, қыдырып қайтты.

 

Айшолпан Ырғыз ауданынан келіп, оқып жатқан студент.Ол өлең жазумен бала жасынан айналысады.Оның өлеңдері «Жауқазын» жас ақындар жинағына енген.

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіз еліме

Тәуелсіздігім ырыс сыйлаған еліме,

Еңсесі биік Қазақстандай жеріме.

Бейбіт күніме 27 жыл бүгінде,

Айналды елім ол мәңгілік еліне.

 

Не өтпеді бұл елімнің басынан,

Азаматтықты аңсаған бабам жасынан.

Егемендікке жету үшін қан төккен,

Ата-бабам ерлігін несін жасырам.

 

Ұлты үшін қатерге тігіп бастарын,

Қаламайтын би болғанын басқаның.

Ләззат, Сәбира, Қайрат деген Ерболдай,

Ұмытпайды азат елім жастарын.

 

Тереңде жатыр қазақтай елдің тамыры,

Хандық құрудан басталған екен жарығы.

Керей менен Жәнібек құрып хандықты,

Қайтпас қайсар деп өзгелер бізді таныды.

 

Көз жүгіртсек тарихқа бір сәт сәл ғана,

Тарихы терең Тәуелсіз елім ең дара.

Ақ найзаның ұшымен бұл жерімді,

Батырларым қорғаған жер кең дала.

Ел билеген хандарым бар айбарлы,

Ақ киізге отырып хан сайланды.

Тәуке, Есім, Хақназар, Абылайдай

Хандарымның аты аңызға айналды.

 

Дуалы ауыз билерім бар елдің сөзін жақтаған,

Батырларым да баршылық, бұл жерімді сақтаған.

Алашымның арыстары жазушы да, ақын да

Барлығы да Ұлы елімнен мен сонымен мақтанам.

 

Барлығының көздегені бір арман,

Рухы биік қазағым менің тұр алдан.

Азаттықтың алтын діңгегі саналған

Мәңгілік елім көріне бергін тұғырдан.

 

Соғыс болды Ұлы Отандай қаһарлы,

Сапқа тұрды жауынгерлер қатарлы.

Айбынды менің елімді, қорғап қалған батырлар

Ұлы Отан Соғысының батырлары атанды.

 

1986 жылғы Алматының алаңы,

Жазықсыздар болды тағы жалалы.

Ұлты үшін жастар қиып өмірін

Сол жылы бір күндер болды қаралы.

 

1991-де болды елім егемен,

Бар әлеммен қазағымның терезесі теңеген.

Нұрсұлтандай Елбасы басшы болып еліме

Сан ұрпақтың арманы орындалды тілеген.

 

Намысы берік, рухы биік қазағым,

Бір өзіңді жырға қосып жазамын.

Нұрсұлтандай Елбасымыз басқарған

Қазақстан Егеменді ғажабым.

 

Ашылып аппақ жаңа ғасырдың парағы,

Күннен күнге жаңарып елім барады.

«Рухани жаңғырумен» өркендеп

Дамыған елдер қатарында қалады.