Воскресенье, Октябрь 2, 2022
Басты > Жастар саясаты > Қазақстанның түкпір түкпірінен келген студенттер өз облыстарымен таныстырды

Қазақстанның түкпір түкпірінен келген студенттер өз облыстарымен таныстырды

Жаратылыстану факультеті 5В011300-Биология мамандығының 406 топ студенттерінің ұйымастыруымен «Тұғыры биік-Туған жер!» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Шараның басты мақсаты — әр облыстан келген студенттердің туған жеріне деген құрметі мен ыстық ықыласын көрсету. Соның ішінде Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе өңірлерін кеңінен таныстыру. Тәрбие сағаты барысында студенттер 1 курс кездеріне шегініс жасалып, қойылым қойылды. Әр облыс студенттері туған жерлерін таныстыру мақсатында бейнематериал көрсетіліп, жырлар оқылып, өлең арналды.

Тәрбие сағатына қатысқан оқытушылар құрамында: Абдукаримов А.М., Агадиева М.С, Молдекова И.Ж. болды. Сөз алған оқытушылар тақырыптың ерекше екенін айтып, түрлі облыстарға саяхат жасап келгендей болғанын сөз етті.

Роман КУЗЕМБАЕВ

Жаратылыстану факультеті