Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Жаңалықтар >  «Алаштың Ақ Жолы» жалпы ұлттық байқауында жүлдемен оралды

 «Алаштың Ақ Жолы» жалпы ұлттық байқауында жүлдемен оралды

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласында 3-кезеңнен тұратын “Алаштың Ақ жолы” атты жалпы ұлттық ғылыми-зерттеу байқауының қорытынды үшінші кезеңі өткізілді.

Бұл жалпы ұлттық байқауға Астана, Алматы, Қызыл-Орда, Семей, Тараз, Көкшетау, Ақтау, Орал, Атырау т.б. қалаларының  жоғары оқу орындары мен  ғылыми-зерттеу институттарының доктаранттары, магистрлері, 35-жасқа дейінгі жас оқытушылары, студенттер қатысты.

Байқауға қатысушылар 157 ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынып, қорғады. Екінші кезеңге 38 жас зерттеуші сұрыпталып, бақ сынады.  Соңғы 3 кезеңге  12 жас ғалым жолдама алды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 2-орынды Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Тарих» мамандығының 4-курс студенті  Асылболат Жылқыбаев (ғылыми жетекшісі-т.ғ.к., доцент С.А.Есқалиев) және 3-орынды осы мамандықтың 3-курс студенті Азизбек Сүлейменов иеленді (ғылыми жетекшісі-т.ғ.к., доцент С.А.Есқалиев).

Жеңімпаз студенттер мен жоба жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!

Асқар САРБАЕВ

тарих факультеті