Среда, Январь 26, 2022
Басты > Жаңалықтар > Университет спортшыларының жетістігі

Университет спортшыларының жетістігі

2018 жылдың 23 желтоқсан күні Ақтөбе қаласының әкімдігі Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Тауға жүгіру жарысында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Кәсіби-шығармашылық факультетінің төмендегі студенттері мен оқытушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

35 жасқа дейінгілерде:

Ер балалар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Есімжан Аюпов (ІІ орын),

Қыз балалар: «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Нұржауған Сәттіғалиева (ІІІ орын).

35 жастан жоғары жас арасында:

Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Айбек Габдуллин (І орын).

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы