Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе қаласы мен облысының актуалды экологиялық проблемалары талқыланды

Ақтөбе қаласы мен облысының актуалды экологиялық проблемалары талқыланды

Жұбанов университетінің Мәжіліс залында  Жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетовтің бастамасымен «Экология» кафедрасының доценті А.Н.Телеуовтың, РhD У.Қ.Сарсембин және магистр С.М.Тажекенованың ұйымдастыруымен «Ақтөбе қаласы мен облысының актуалды экологиялық проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның басты мақсаты — Ақтөбе қаласы мен облысының экологиясын сақтауда ұсынылатын шешімдерді талқылау және талдау.

Дөңгелек үстелге университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, т.ғ.д. — Р.А.Бекназаров, Ақтөбе облысының экологиялық департаментінің кеңесшісі — Ж.К.Бекмухамбетов, Ақтөбе облысының экологиялық департаментінің бас мамандары — А.Б.Макамбетов, Н.А.Мырзабаев және Ж.Ж.Манашеев, Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы — А.Ж.Құттыбаева, «Байтақ болашақ» Экоальянсы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі — Б.Б.Мырзабай, «Медет АТК» қоғамдық қорының басшысы – А.В.Мандрыкин, «L.Scarti» ЖШС инженер маманы Е.С. Бердибек және университеттің «Экология» кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен  студенттері қатысты.

Шара барысында шақырылған мамандар мен қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу төңірегінде Ақтөбе қаласы мен облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар, қазіргі атмосфералық жағдайлар секілді көптеген экологиялық мәселелерді талқылады.

Қарастырылған мәселелер әсіресе студенттеріміз бен магистранттарымыздың қызығушылығын тудыртып, олардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.  Шара қатысушылары ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, дөңгелек үстел жоғары деңгейде өткізілді.

Салтанат ТӘЖЕКЕНОВА 

Жаратылыстану факультеті