Суббота, Апрель 20, 2024

ҰБТ — 2019

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет ақылы негізде (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) өткізіледі.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. ! 2019 жылы 15-20 қаңтар аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында қабылданады. ! Бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі, бағасы – 2242 теңге.

Құрметті талапкер!
Қыста ҰБТ тапсыр да, жазда демалыс жарияла!

Ең бастысы, біз сізді ҰБТ бойынша жинаған шекті балыңызбен ақылы бөлімге шартты түрде оқуға қабылдаймыз!

Қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.
4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
5 өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасы (2 дана). Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:

Алтынсарин көш. 4, университеттің №5 ғимараты, каб. №102. Анықтама телефондары: 22-21-45; 54-39-74