Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2018» байқауының жеңімпаздары

Жұбанов университетінің оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2018» байқауының жеңімпаздары

Жыл сайын еліміздегі ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы шығып, 2018 жылдың үздіктері анықталды.

Байқауға  республикамыздың 80 жоғары оқу орындарынан 481 үміткер қатысты. Еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды.

Аталмыш байқаудың үздіктері қатарынан Жұбанов университетінің оқытушылары да көрініп отыр.
Атап айтар болсақ,  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Экономика және құқық» факультетінің деканы Аслан Тасмағанбетов; физика-математика ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор, «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығының директоры Людмила Мясникова;  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының профессоры Балкенже Қарағұлова.

Құттықтаймыз!